Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Рамазаннан екі күн бұрын арақ ішкен адамның оразасы қабыл бола ма? – Мүфтият пәтуа шығарды

ҚМДБ осы мәселеге қатысты жауап берген.

Тоғжан Төлеген
19 февраля, 2025
Қоғам
A A
Рамазаннан екі күн бұрын арақ ішкен адамның оразасы қабыл бола ма? – Мүфтият пәтуа шығарды
WhatsappTelegram

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айына дейін арақ ішкен адамның оразасы қабыл бола ма деген сұраққа қатысты пәтуа жариялады. ҚМДБ өкілдеріне сенсек, шын тәубе етсе, Рамазан айынан бұрын арақ ішкен адамның оразасы арақ ішпей ораза тұтқан адамның оразасындай қабыл болады.

«Арақ-шарап ішу – дінімізде харам, үлкен күнә саналады», – деп жазған мүфтият бұған қатысты Құран аяттарын мысалға келтірген.

«Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім арақ ішетін болса, оның қырық күндік намазы қабыл болмайды» деген. Тағы бір хадисте: «Кім арақ ішсе, оның қырық күндік намазы қабыл болмайды. Егер тәубе етсе, Алла оның тәубесін қабыл етеді. Одан кейін тағы да арақ ішсе, Алла оның қырық күн намазын қабыл етпейді. Егер тәубе етсе, Алла тәубесін қабыл етеді. Бұдан кейін тағы арақ ішсе, Алла оның тағы да қырық күндік намазын қабылдамайды. Бұл ісіне тәубе етсе, тәубесі қабыл етіледі. Ал төртінші рет тағы да арақ ішсе, Алла оның қырық күндік намазын қабыл етпейді. Егер тәубе етсе, Алла оның тәубесін қабыл етпейді де оны «хабәл» (тозақтықтардың іріңінен жиналған) өзенінен сусындандырады» делінген», – деп жазған мүфтият.

Ал, Рамазан айының қарсаңында ішімдік ішудің үкімі туралы жазған мүфтият «ораза ұстаушы Рамазан айынан екі күн бұрын арақ ішіп, соңынан шынайы тәубе етсе, Алла оның тәубесін қабыл етеді. Оның оразасы арақ ішпей ораза тұтқан адамның оразасындай болады. Ал ораза ұстап арақ ішуін доғармаса, оразасы дұрыс болады, бірақ сауабы болмайды. Арақ ішкені үшін күнә арқалайды» деген пәтуа шығарып отыр.

Тегтер: Бас мүфтиДіни басқармаІшімдікМүфтиятОразаОраза кестесіРамазан айы
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Балалардың дамуына еңбек етемін – логопед

Балалардың дамуына еңбек етемін – логопед

Дана Альсеитова
17 октября, 2025

Елімізде жыл сайын мыңдаған баланың ата-анасы логопедтің көмегіне жүгінеді. Тіпті, ауылда да мамандарға сұраныс жоғары. Бұл туралы...

Үш бала ата-анасының тыйымынан мектепке бармаған

Үш бала ата-анасының тыйымынан мектепке бармаған

Дана Альсеитова
8 октября, 2025

Абай облысында кәмелетке толмаған үш баланың мектепке бармағаны анықталды. Олардың жасы 8 бен 13 аралығында, ал ата-анасы...

Салтанат Нүкенованың есімі Қазақстан тарихына әсер еткен тұлғалар пантеонына енгізілді

Салтанат Нүкенованың есімі Қазақстан тарихына әсер еткен тұлғалар пантеонына енгізілді

Дана Альсеитова
6 октября, 2025

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың есімі Қазақстан тарихына әсер еткен тұлғалар...

Рустем Жугунусов оштрафован за разжигание розни

Рүстем Жүгінісовке 78 мың теңге айыппұл салынды

Дана Альсеитова
29 сентября, 2025

Әнші әрі блогер Рүстем Жүгінісов діни алауыздықты қоздырғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Sona.kz ZTB-ға сілтеме...

Қатысты жаңалықтар

Астанада ер адам лифт шахтасына құлап, екі адам зардап шекті

Астанада ер адам лифт шахтасына құлап, екі адам зардап шекті

6 ноября, 2025
Алматыдағы даулы іс: Масимов отбасының серіктесі композитор Арман Дүйсеновті алдаған

Алматыдағы даулы іс: Масимов отбасының серіктесі композитор Арман Дүйсеновті алдаған

6 ноября, 2025
Ақмола облысында науқас аурухананың терезесінен секіріп, көз жұмды

Ақмола облысында науқас аурухананың терезесінен секіріп, көз жұмды

6 ноября, 2025
Қарағандыдағы қайғылы оқиға: дәрігерлердің салғырттығы 16 жастағы бозбаланың өмірін жалмады

Қарағандыдағы қайғылы оқиға: дәрігерлердің салғырттығы 16 жастағы бозбаланың өмірін жалмады

6 ноября, 2025
Қарағандыдағы қайғылы оқиға: дәрігерлердің салғырттығы 16 жастағы бозбаланың өмірін жалмады

Қарағандыдағы қайғылы оқиға: дәрігерлердің салғырттығы 16 жастағы бозбаланың өмірін жалмады

6 ноября, 2025
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz