Ресейдің Вологда облысындағы Череповец металлургиялық комбинатының аумағында Қазақстанның екі азаматы қаза тапты. Кәсіпорын «Северсталь» компаниялар тобына кіреді. Қайтыс болғандардың мәйіттері 14 қаңтар күні өндірістік алаңнан табылған, деп хабарлайды Sona.kz NewTimes.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Алдын ала мәліметке сәйкес, марқұмдар мердігер ұйымдарда жұмыс істеген. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр.
«Северсталь» компаниясы оқиға орнына жедел және арнайы қызметтердің жұмылдырылғанын хабарлады.
«Оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істеп жатыр. Қызметкерлердің туған-туыстарына және жақындарына қайғыра көңіл айтамыз», — делінген компанияның ТАСС агенттігіне берген мәлімдемесінде.
Ресей Федерациясының Вологда облысы бойынша Тергеу комитеті оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатқанын растады. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланбайды.









