Ақпаратты пайдалану ережелері
- Сайттағы кез келген ақпаратты пайдалану ҚР-ның қолданыстағы заңының шеңберінде жүзеге асырылады.
- Мәліметті басқа желіде немесе сайттарда жариялау кезінде тілшілер, өзге де желі қолданушылары дереккөз ретінде жарияланымға сілтеме жасауы тиіс:
ақпаратты материалды түрде (қағаз, баннер, афиша, фотоқағаз және т.б.) пайдалануда «Дереккөз: Sona.kz» деп көрсетілуі қажет;
ақпаратты электронды күйде (интернет-сайт, электронды файл және т.б.) пайдалануда «Sona.kz» сайтының басты бетіне гиперсілтеме қойылуы тиіс;
мәліметті басылымда жариялау барысында Ақпарат иесі мен жарияланым шыққан күн белгіленуі керек;
радио-, теле-, видео контенттерде, кинохроникалық бағдарламаларда Ақпарат иесінің атауын айту қажет. - Мәліметті Ақпарат иесіне сілтеме жасалған екінші дереккөзден алу бастапқы сілтемені көрсету кезінде ғана мүмкін болады.
- Осы бөлімде қарастырылған сілтемелер мен гиперсілтемелер орналастырылуы тиіс:
мәтіндік ақпаратты пайдалануда – қолданылған ақпараттың басында;
графикалық ақпаратты пайдалануда – фото, видеоның төменгі жағында;
сілтеме немесе гиперсілтеме қаріпінің өлшемі екінші пайдаланушы жазған мәтіннің қаріпінен немесе графикалық ақпаратпен бірге жүретін мәтіннің қаріпінен кіші болмауы керек;
ақпаратты пайдалану кезінде мәтінді қысқартуға болады. Алайда, түпкі мағынасы өзгермеуі тиіс. Ақпарат иесінің келісімінсіз пайдаланылған деректерді өңдеуге рұқсат етілмейді және заңмен қудаланады.