Сотта Land Cruiser көлігіндегі видео мен аудиожазба тыңдалды. Онда Абзал Шынасыл, Нұрқияс Ільясов және басқалар оқиғадан кейін көлікте не болғанын талқылаған. Шынасыл «ештеңе көрмедік деп айтыңдар» десе, Сакиев: «Өліп қалды ма? Сотталсақ, сотталып кетейік!» деген.
Жазбада Грузия мен Ресейге қашу, төбелес орнында дәлел қалды ма деген де әңгімелер айтылған. Жәбірленуші тарап көлікте болған Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелдіні қайтадан сотқа шақыруды сұрады. Алайда судья бұл өтінішті қанағаттандырмады. Сот жәбірленушілерсіз жалғасуда.