Шығыс Қазақстан облысында криптомайнерлерге заңсыз электр энергиясын сату фактісі анықталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) мәліметінше, бір топ энергиямен жабдықтаушы компания екі жыл бойы майнинг кәсіпорындарын халыққа, әлеуметтік нысандарға және стратегиялық кәсіпорындарға арналған электр қуатымен қамтамасыз етіп келген. Sona.kz Tengrinews.kz дерегіне сілтеме жасап хабарлайды
Заңсыз тұтынылған энергия көлемі 50 мегаватт-сағаттан асқан. Бұл — халқы 50–70 мың адам болатын қаланың тұтынуымен тең. Залал көлемі 9 миллиард теңгеден жоғары.
Қазақстан заңнамасына сәйкес, майнерлерге электр энергиясын тек бірыңғай мемлекеттік сатып алушы арқылы және 1 мегаватт-сағаттан аспайтын көлемде жеткізуге рұқсат етіледі.
Тергеу мәліметінше, заңсыз табысқа ұйымдастырушы Астанадан екі пәтер мен төрт автокөлік сатып алған. Сот санкциясымен бұл мүлікке тәркілеу мақсатында тыйым салынды.









