Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні – 15-20 м/с.
Ұлытау облысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20, кей уақытта 23 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.
Астанада түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні – 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Батыстан соққан жел оңтүстікке ауысады, түнде облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.