Солтүстік Қазақстан облысындағы Аралағаш ауылы маңындағы каналдан өлі балықтар табылды. Тұрғындардың айтуынша, су беті толығымен балықпен жабылған. Аққайың аудандық әкімдігі бұл жағдайды судағы оттегінің жетіспеушілігімен түсіндірді. Қыста температураның өзгеруі балықтардың қырылуына себеп болуы мүмкін. Экология басқармасы оқиға орнында тексеріс жүргізіп, сынамалар алды. Зерттеу нәтижесінде заңға сәйкес шаралар қабылданатын болады.
Жетісу облысында мәдениет үйінің жөндеуіне бөлінген 212 млн теңге бюджет қаражаты ұрланды
Жетісу облысы бойынша АФМ департаменті Бактыбай ауылы мәдениет үйінің капиталы жөндеу кезінде бюджет қаражатының ұрлануы фактісі бойынша...









