Шерзаттың ісінен кейін Талғар ауданының кадр саясатында едәуір өзгеріс болды. Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары Дамир Қатаев Ерлан Тағаевты таныстырды. Ерлан Тағаев бұған дейін еліміздің бірнеше өңірінде прокурор болып қызмет атқарған.
Тағаевтың мансабы Алматы облысында басталды. Сондай-ақ Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарындағы прокурорлық қызметтерді атқарды. Ол Курчатов, Күршім, Аягөз, Абай және Жаңасемей қалалары мен аудандарында прокурор болды.
Еске сала кетейік, Алматы облысы прокурорының орынбасары Саян Бәкіров пен Талғар ауданының прокуроры Ескендір Бекманов 18 қазанда Бас прокурордың бұйрығымен атқаратын қызметтерінен босатылды.