Тәуелсіздік күні – мемлекеттік мереке. Бұл күн 16 желтоқсанда атап өтіледі. Биыл мерекелік дата дүйсенбіге түсіп тұр. Соған орай, қазақстандықтар желтоқсан айында Тәуелсіздік күніне орай 16 желтоқсан күні қосымша демалады.
Нақтырақ айтқанда:
-
бес күндік жұмыс аптасында — 14, 15, 16 желтоқсан демалыс күндері болады;
-
алты күндік жұмыс аптасында — 14 желтоқсан жұмыс күні, 15 және 16 желтоқсан демалыс.
Сонымен қатар желтоқсан айында кәсіби және басқа да мерекелер бар. Жұмыс және демалыс күндеріне қарамастан, мереке атап өтіледі.