Жетісу облысында жүк пойызы адамға соқтығысу фактісі тіркелді. Оқиға 30 қараша күні Дос – Сарыөзек учаскесінде болған, деп хабарлайды Sona.kz Saryozek_insta-ға сілтеме жасап.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліметінше, сағат 14:56-да 43 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан машинист теміржолға адам кенеттен шығып кеткеннен кейін шұғыл тежеу қолданған. Дегенмен, дабыл белгілеріне қарамастан, ер адам тоқтап, тікелей рельске тұрған.
Наезд салдарынан азамат аяқ жарақатын алып, Сарыөзек станциясындағы ауруханаға жедел жеткізілді.
Жүк пойызы 39 минут кідіріп, сағат 15:35-те қозғалысын қайта жалғастырған.
Компания тұрғындарды теміржол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды:
«Теміржолды тек рұқсат етілген жерлерден кесіп өту керек. Ережені бұзу — адам өміріне тікелей қауіп және ауыр салдарға әкелуі мүмкін», ө деп хабарлады КТЖ баспасөз қызметі.
Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бойынша ҚР ҚК 344-бабының 1-бөлігі («Теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ведомство тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жарияланбайтынын атап өтті (ҚПК 201-бабы).









