Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Билік

Тоқаев пен Бердімұхамедов Ашхабадта Абай ескерткішін ашты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Ашхабадтағы Абай ескерткішін салтанатты түрде ашты. 

Тоғжан Төлеген
10 октября, 2024
Билік, Қазақстан жаңалықтары
A A
Тоқаев пен Бердімұхамедов Ашхабадта Абай ескерткішін ашты
WhatsappTelegram

Ақорда хабарлағандай, Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедов пен түрікмен халқына Мақтымқұлы Пырағының 300 жылдық мерейтойына орай арнайы шығарылған медальмен марапаттағаны үшін алғыс айтты. Сонымен қатар мұны екі ел арасындағы өзара сый-құрмет пен достықтың белгісі ретінде қабылдайтынын айтты.

Мемлекет басшысы салтанатты жиында сөйлеген сөзінде бұл ескерткіштің ашылуын түрікмен бауырлардың қазақ халқына айрықша құрметінің көрінісі деп санайтынын атап өтті.

«Абай – әлемдік ауқымдағы алып тұлға. Оның шығармалары бүкіл адамзаттың асыл мұрасына айналды. Жер жүзіндегі көптеген қалада хакім Абайдың ескерткіші бар. Ұлы ақын саналы ғұмырын ағарту ісіне арнады. Абай «Талап қыл артық білуге» деп, өнер-білім философиясын кеңінен насихаттады. Ол теңдессіз туындылары арқылы мызғымас құндылықтарды дәріптеді. Жұртты отаншылдыққа, білімпаздыққа, еңбекқорлыққа баулыды. Жақсылық пен парасаттылыққа үндеді. Ашхабадта Абай ескерткішінің ашылуы – бауырластығымызды нығайта түсетін бірегей бастама», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент биыл Астанада түрікмен халқының ұлы ойшылы Мақтымқұлы Пырағының ескерткіші ашылғанын еске салып, қазақ елі түркі жұртына ортақ тұлғаның шығармашылығына зор құрметпен қарайтынын жеткізді.

«Шын мәнінде, Абай мен Мақтымқұлы еңбектері – түркі дүниесінің құнды қазынасы. Оны сақтап, кейінгі ұрпаққа қалдыру – баршамызға ортақ міндет. Ұлы ақындарымыздың поэзиясында өзара сабақтастық мысалдары көп. Біз – түбі бір, тарихы ортақ, тілі мен мәдениеті ұқсас халықтармыз. Осы бауырластық елдеріміздің қарым-қатынасына арқау болып отыр. Қазір бұл байланыс стратегиялық серіктестік рухында дамып келе жатыр. Түрікменстанға бүгінгі ресми сапарым – соның айқын дәлелі. Абайдың ескерткіші қазақ-түрікмен достығының символына айналады деп сенемін», – деді президент.

Тегтер: Абай ескерткішіБасты жаңалықтарГурбангулы БердімұхамедовҚасым-Жомарт Тоқаев
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Утиль алым ақшасына 43 қоқыс полигоны салынады

Утиль алым ақшасына 43 қоқыс полигоны салынады

Дана Альсеитова
25 июня, 2025

Қазақстанда ескірген және толып кеткен полигондардың орнына жаңа нысандар салу үшін утиль алым есебінен 53 миллиард теңге...

Қазақстандықтар Астана күніне орай үш күн демалады

Қазақстандықтар Астана күніне орай үш күн демалады

Дана Альсеитова
24 июня, 2025

Биыл Астана күні жексенбіге түсетіндіктен, демалыс 7 шілдеге, дүйсенбіге ауысады. Осылайша, бес күн жұмыс істейтін азаматтар қатарынан...

Неприятный запах в Конаеве: причина известна, меры приняты

Қонаевтағы жағымсыз иіс: себебі белгілі, шешім қабылданды

Дана Альсеитова
13 июня, 2025

Қонаев қаласының 4-шағынауданының тұрғыны қала әкімі Асхат Бердіхановқа кешкі уақытта сезілетін жағымсыз иіс жайлы шағым айтты. Арыз...

Асхат Бердіханов: Шаруаларға қолдау – ауылдың дамуы

Асхат Бердіханов: Шаруаларға қолдау – ауылдың дамуы

Дана Альсеитова
12 июня, 2025

Қонаев әкімі Асхат Бердіханов Шеңгелді округіндегі бірқатар шаруа қожалықтарын аралап, олардың жұмысымен танысты. «Smart Adam Agro» 900...

Қатысты жаңалықтар

Утиль алым ақшасына 43 қоқыс полигоны салынады

Утиль алым ақшасына 43 қоқыс полигоны салынады

25 июня, 2025
Талғарда ана мен бала суға кетіп, қайтыс болды

Талғарда ана мен бала суға кетіп, қайтыс болды

25 июня, 2025
Екі баланың өліміне себеп болған іс: медбике сот залында қамауға алынды

Екі баланың өліміне себеп болған іс: медбике сот залында қамауға алынды

24 июня, 2025
Павлодарда тәрбиеші бүлдіршіндерді ұрып-соққаны белгілі болды

Павлодарда тәрбиеші бүлдіршіндерді ұрып-соққаны белгілі болды

24 июня, 2025
Атырауда ер адам никаб киген бойжеткенді аяусыз соққыға жықты

Атырауда ер адам никаб киген бойжеткенді аяусыз соққыға жықты

24 июня, 2025
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz