Түркістан облысында орын алған қайғылы өрттен кейін Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкіметтік комиссия құрылды. Комиссияға Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев төрағалық етеді, деп хабарлайдыSona.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап .
Құрамына ТЖМ, ІІМ, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, сондай-ақ облыс әкімдігінің басшылығы енгізілді. Комиссия оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, зардап шеккен отбасыларға қолдау көрсету шараларын үйлестіреді.
Балалар құқықтары жөніндегі уәкілдің түсініктемесі
Балалар омбудсмені Динара Закиева мәліметінше, үйде екі отбасы — ата-аналар мен балалар болған. Өрт кезінде шатыр опырылып түскен.
«Өңірлік уәкіл мен психологиялық қолдау орталығының мамандары оқиға орнына барды. Себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтамыз», — деп жазды ол.









