«Отбасы банкінің» хабарлауынша, үлестік меншігі бар кезек күтушілерге қатысты тәсіл қайта қаралды. Енді тұрғын үйдегі үлестің болуы, оның көлеміне қарамастан, азаматты тұрғын үй кезегінен шығару немесе жеңілдетілген ипотека мен мемлекеттік жалдамалы тұрғын үйден бас тарту үшін негіз болмайды, деп хабарлайды Sona.kz Nege.Aqsha-ға сілтеме жаса.
Бұған дейін қолданыста болған талаптарға сәйкес, тұрғын үйдегі үлес анықталған жағдайда азамат автоматты түрде кезектен шығарылып, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына қатысу құқығынан айырылатын.
Банкте бұл шешім азаматтардың көптеп түскен өтініштерінен кейін қабылданғанын атап өтті. Аталған өзгерістер әзірге заңнамалық деңгейде бекітілмегенімен, «Отбасы банк» оларды практикалық жұмысында қолдана бастаған.
Жаңа тәртіптің ақпан айынан бастап іске асырылатыны хабарланды.









