Azerbaijan Airlines әуе компаниясының «Баку-Грозный» бағытындағы ұшағы тұманға байланысты Грозныйға қона алмағаннан кейін Махачкалаға, одан әрі Ақтау қаласына бет алған.
«Алдын ала мәлімет бойынша 29 адам аман қалды, оның 2-уі – бала, бәрі ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендер бойынша ақпарат нақтылануда», – делінген ТЖМ хабарламасында.
Айта кетейік, ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болды.
ТЖД, МӨСҚ, ПД-ның 150 жеке құрамы, 45 бірлік техникасы жұмылдырылды.