Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Әлем жаңалықтары

Украина соғысты бір ай тоқтата тұруға келісті

Тоғжан Төлеген
12 марта, 2025
Әлем жаңалықтары
A A
Украина соғысты бір ай тоқтата тұруға келісті
WhatsappTelegram

Сауд Арабиясында өткен келіссөздер бір қадам болсын соғысты тоқтатуға жақындата ма?

– Украина АҚШ-тың екі тараптың өзара келісімімен ұзартуға болатын 30 күндік уақытша бітім енгізу туралы ұсынысын қабылдауға дайын екенін көрсетті. Бұл бітім Ресей Федерациясының келісімі мен оны бір мезетте орындауына тәуелді, – делінген Жиддадағы келіссөздерден соң жарияланған АҚШ-Украина бірлескен мәлімдемесінде.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бұл ұсынысты Мәскеуге дереу жеткізетінін айтып, «Ендігі кезек – Ресей тарапында» деді. Егер Кремль бұл келісімге қол қоймаса, «бейбітшілікке кім кедергі келтіріп отырғанын анық білеміз» деп нақтылай түсті ол.

– Бүгін біз әлемге бейбітшілікті қалайтынымызды көрсеттік. Әділетті және ұзақ мерзімді бейбітшілік керек, – деді келіссөздерден кейін Украина Президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак. 

Сауд Арабиясындағы келіссөздерге қатыса алмаған Украина президенті Владимир Зеленский ел ұстанымын тағы да қайталады.

– Біздің ұстанымымыз өте айқын. Украина соғыстың алғашқы күнінен бастап бейбітшілікке ұмтылып келеді. Біз оны мүмкіндігінше тез әрі сенімді түрде жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Бізге соғыстың ешқашан қайталанбағаны керек, – деді ол.

Егер Ресей толықтай атысты тоқтату шарттарын қабылдайтын болса, сол сәттен бастап тыныштық орнауы мүмкін.

– Украина бейбітшілікке дайын. Енді Ресей де соғысты тоқтатуға дайын екенін көрсетуі тиіс. Немесе оны жалғастырғысы келе ме? Ақиқат ашылатын уақыт келді, – деп сөзін қорытындылады Зеленский.

Екі ел өкілдерінің Сауд Арабиясында прайдалы қазбалар бойынша келісімге келу мүмкіндігін талқылағаны да белгілі болды. Бірлескен мәлімдемеде бұл келісім көп ұзамай жүзеге асатыны айтылған.

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғаларСауд АрабиясыУкраинаУкраинадағы соғыс
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Қазақстан азаматтарына Ресейден алтын тасымалдау қиындайды

Қазақстан азаматтарына Ресейден алтын тасымалдау қиындайды

Дана Альсеитова
3 февраля, 2026

Ресей билігі 1 қыркүйектен бастап жеке тұлғалардың алтын алып шығуына қатысты жаңа шектеулер енгізуді жоспарлап отыр. Бұл...

Санкт-Петербург соты Екатерина Биволды әкімшілік жауапкершілікке тартты

Санкт-Петербург соты Екатерина Биволды әкімшілік жауапкершілікке тартты

Дана Альсеитова
29 января, 2026

Санкт-Петербургте сот Екатерина Биволды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Қалалық соттардың біріккен баспасөз қызметі оның 60 сағат міндетті жұмыстар...

Valentino сән үйінің негізін қалаушы қайтыс болды

Valentino сән үйінің негізін қалаушы қайтыс болды

Дана Альсеитова
20 января, 2026

19 қаңтарда италиялық әйгілі дизайнер, Valentino сән үйінің негізін қалаушы Валентино Гаравани 93 жасқа қараған шағында дүниеден...

АҚШ Қазақстан азаматтарына виза беруді уақытша тоқтатуы мүмкін

АҚШ Қазақстан азаматтарына виза беруді уақытша тоқтатуы мүмкін

Дана Альсеитова
15 января, 2026

АҚШ Мемлекеттік департаменті тексеру рәсімдерін қайта қарау кезеңінде 75 елдің азаматтарына, оның ішінде Қазақстан азаматтарына виза беруді...

Қатысты жаңалықтар

eGov-тағы үйірме деректері ата-аналар арасында сұрақ туғызды

eGov-тағы үйірме деректері ата-аналар арасында сұрақ туғызды

4 февраля, 2026
Қазақстанда шағын бизнеске салық өсімпұлы мен айыппұлдар кешіріледі

Қазақстанда шағын бизнеске салық өсімпұлы мен айыппұлдар кешіріледі

4 февраля, 2026
Қандай жағдайда банк шоттары бойынша операциялар тоқтатылады

Қандай жағдайда банк шоттары бойынша операциялар тоқтатылады

4 февраля, 2026
Подозреваемых в убийстве судьи Айгуль Сайлыбаевой обнаружили в Москве

Судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты Александр Донцов пікір білдірді

4 февраля, 2026
2026 жылдан бастап салық қарызы бар азаматтардың шоттары бұғатталады

2026 жылдан бастап салық қарызы бар азаматтардың шоттары бұғатталады

4 февраля, 2026
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz