Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Зерттеу

Зейнетақы жанжалы: елде жүзден аса стоматологиялық клиника жабылды

Тексерулер зейнетақы қаражатын заңсыз пайдалану фактілерінен кейін басталды

Дана Альсеитова
5 февраля, 2026
Зерттеу
A A
Зейнетақы жанжалы: елде жүзден аса стоматологиялық клиника жабылды

фото: chenado.ru

WhatsappTelegram

Қазақстанда стоматологиялық клиникаларға жүргізіліп жатқан жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде 140-тан астам медициналық ұйымның қызметі тоқтатылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап

Ведомствоның мәліметінше, ел бойынша барлығы 456 жоспардан тыс тексеру жүргізілген. 5 ақпандағы жағдай бойынша 313 тексеру аяқталған, тоғыз тексеру тіркеу сатысында болған, бір тексеру жалғасып жатыр.

Тексеру нәтижесінде 143 стоматологиялық клиника өз жұмысын тоқтатты. Ең көп жабылған мекемелер Атырау облысында тіркелген  54 клиника. Алматыда 26, Ақтөбе облысында 12, Астанада 11, Қызылорда облысында 10 стоматологияның қызметі тоқтатылған.

Тексерулер қорытындысы бойынша 476 әкімшілік хаттама толтырылып, салынған айыппұлдардың жалпы сомасы шамамен 75 миллион теңгені құрады.

Заңсыз медициналық немесе фармацевтикалық қызмет үшін 140 хаттама жасалып, 3,1 миллион теңге айыппұл салынды. Лицензиялау талаптарын бұзу бойынша 62 хаттама рәсімделіп, 8,6 миллион теңге өндірілді.

Сонымен қатар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы заңбұзушылықтар бойынша 84 хаттама толтырылып, 19,3 миллион теңге айыппұл салынған. Медициналық көмек көрсету стандарттарын өрескел бұзу бойынша 70 хаттама тіркелді.

Бұдан бөлек, тіркелмеген немесе қолдануға тыйым салынған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды пайдалану және айналымға енгізудің 13 фактісі анықталып, 6,8 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Тексерулерге зейнетақы қаражатын заңсыз пайдалану фактілері себеп болды. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, стоматологиялық қызметтерді төлеу сылтауымен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан шамамен 200 миллиард теңге негізсіз шығарылған. Осыған байланысты 15 қыркүйектен бастап Қазақстанда зейнетақы жинақтарын стоматологиялық қызметтерге пайдалану үшін өтінім қабылдау тоқтатылды.

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғаларзейнетақы жинақтарыстоматологиялық клиника
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Полицейлерге шабуыл жасаған павлодарлық азамат бас бостандығынан айырылды

Полицейлерге шабуыл жасаған павлодарлық азамат бас бостандығынан айырылды

Дана Альсеитова
5 февраля, 2026

Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты билік өкілдеріне күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қарады, деп...

Талдықорғанда жүк көліктерін заңсыз тіркеген 21 адам сотталды

Талдықорғанда жүк көліктерін заңсыз тіркеген 21 адам сотталды

Дана Альсеитова
5 февраля, 2026

Талдықорған қаласында жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан ұйымдасқан топтың 21 мүшесіне қатысты айыптау үкімі шығарылды. Бұл туралы...

Алматыда алимент төлеуден жалтарғандар онлайн-платформалар арқылы табысын жасырған

Алматыда алимент төлеуден жалтарғандар онлайн-платформалар арқылы табысын жасырған

Дана Альсеитова
5 февраля, 2026

Алматы қаласының прокуратурасы алимент төлеуден жалтарған азаматтардың табысын онлайн-платформалар арқылы жасырған фактілерін анықтағанын хабарлады. Ведомство дерегінше, 2025...

Астанада танымал блогерлерге қатысты қаржылық тергеу аяқталды

Астанада танымал блогерлерге қатысты қаржылық тергеу аяқталды

Дана Альсеитова
5 февраля, 2026

Астана қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты тергеуді аяқтады. Олар...

Қатысты жаңалықтар

2029 жылғы Қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

2029 жылғы Қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

5 февраля, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Пәкістан ынтымақтастығының басым бағыттарын атады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Пәкістан ынтымақтастығының басым бағыттарын атады

5 февраля, 2026
Зейнетақы жанжалы: елде жүзден аса стоматологиялық клиника жабылды

Зейнетақы жанжалы: елде жүзден аса стоматологиялық клиника жабылды

5 февраля, 2026
Мектеп дәретханасында уланған жасөспірім жансақтау бөлімінде жатыр

Мектеп дәретханасында уланған жасөспірім жансақтау бөлімінде жатыр

5 февраля, 2026
В полиции Шымкента сменилось руководство на фоне проверки МВД

Шымкент полициясында тексеру аясында басшылық ауысты

5 февраля, 2026
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz