Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Оқиғалар

Жамбыл облысында түнгі аңшылық кезінде жасөспірім оқтан көз жұмды — полиция тергеу бастады

Дана Альсеитова
17 октября, 2025
Оқиғалар
A A
Жамбыл облысында түнгі аңшылық кезінде жасөспірім оқтан көз жұмды — полиция тергеу бастады

фото: arh.mk.ru

WhatsappTelegram

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданына қарасты Құшаман ауылында қайғылы оқиға болды. Алдын ала мәліметке сүйенсек, 2012 жылы туған екі оқушы (сыныптасы) түнгі аңшылыққа шыққан, деп хабарлайды Sona.kz Halyqstan-ға сілтеме жасап.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, балалар қоян атуға барған. Олардың бірі қоянды жаралап, артынан іздеп кеткен. Сол сәтте екінші бала қашқан аңды тоқтатпақ болып оқ атқан, бірақ оқ досына тиіп кеткен.

Ауыр жарақат алған жеткіншек оқиға орнында көз жұмған.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабы — «Абайсызда адам өліміне әкеп соғу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Күдікті анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі уақытта істі жан-жақты және объективті тергеуге бағытталған барлық қажетті шаралар жүргізілуде. Сонымен қатар, балалардың ата-аналарына қатысты олардың тәрбиелеу және бақылау міндеттерін тиісінше орындамауына байланысты жауапкершілік мәселесі қаралуда. Себебі кәмелетке толмағандар түнде ересектердің қарауынсыз қалып, атыс қаруына қол жеткізген», — делінген ведомствоның ресми жауабында.

Сондай-ақ полиция өкілдері тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайтынын атап өтті.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, қайғылы оқиғадан кейін аудан орталығының алаңына көптеген адам жиналған. Халық бұл жағдайға алаңдап, балалардың қалайша қаруға қол жеткізгенін және неге ересектердің бақылауынсыз қалғанын анықтауды талап етуде.

Сарапшылар мұндай жағдайлар ата-аналардың жауапкершілігін және қару сақтаудың қауіпсіздігі жөніндегі талаптардың маңыздылығын тағы бір рет көрсетіп отыр.

? Еске салайық, Қазақстан заңнамасына сәйкес, қару иелері оны балалар мен бөгде адамдардың қол жеткізуіне жол бермейтін арнайы сейфтерде сақтауы тиіс. Бұл талаптарды бұзу әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Тегтер: абайсызда адам өліміаңшылықБасты жаңалықтарБасты оқиғаларЖамбыл облысыжасөспірім
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
eGov-тағы үйірме деректері ата-аналар арасында сұрақ туғызды

eGov-тағы үйірме деректері ата-аналар арасында сұрақ туғызды

Дана Альсеитова
4 февраля, 2026

Астана қаласының тұрғыны Денис Гордиенко eGov порталындағы «Bilim» бөлімін тексеру барысында баласының тегін фортепиано үйірмесіне тіркелгенін анықтаған....

Елді елеңдеткен іс: Ақтөбе облысында 64 жастағы ер адамға үкім шығарылды

Елді елеңдеткен іс: Ақтөбе облысында 64 жастағы ер адамға үкім шығарылды

Дана Альсеитова
4 февраля, 2026

Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған қызға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Сот 64 жастағы ер адамды...

В Сатпаеве курьеру заплатили сувенирными купюрами за доставку

Сәтбаевта курьерге тапсырыс үшін жалған купюрамен есеп айырысқан

Дана Альсеитова
3 февраля, 2026

Сәтбаев қаласында жеткізу қызметінің курьері алаяқтықтың құрбаны болды. Тапсырыс үшін есеп айырысу кезінде оған шынайы ақшаға ұқсас...

Шымкентте жасөспірім кәмелетке толмаған қызға зорлық жасауға әрекеттенді

Шымкентте жасөспірім кәмелетке толмаған қызға зорлық жасауға әрекеттенді

Дана Альсеитова
2 февраля, 2026

Шымкент қаласында кәмелетке толмаған қыз балаға қатысты зорлық әрекетіне бармақ болған жасөспірім ұсталды. Оқиға 1 ақпанда тіркелген,...

Қатысты жаңалықтар

eGov-тағы үйірме деректері ата-аналар арасында сұрақ туғызды

eGov-тағы үйірме деректері ата-аналар арасында сұрақ туғызды

4 февраля, 2026
Қазақстанда шағын бизнеске салық өсімпұлы мен айыппұлдар кешіріледі

Қазақстанда шағын бизнеске салық өсімпұлы мен айыппұлдар кешіріледі

4 февраля, 2026
Қандай жағдайда банк шоттары бойынша операциялар тоқтатылады

Қандай жағдайда банк шоттары бойынша операциялар тоқтатылады

4 февраля, 2026
Подозреваемых в убийстве судьи Айгуль Сайлыбаевой обнаружили в Москве

Судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты Александр Донцов пікір білдірді

4 февраля, 2026
2026 жылдан бастап салық қарызы бар азаматтардың шоттары бұғатталады

2026 жылдан бастап салық қарызы бар азаматтардың шоттары бұғатталады

4 февраля, 2026
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz