Астанада танымал блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Толегенованың даулы конкурсына қатысты іс сотта қаралады.
Министрліктің мәліметінше, Жанабыловтың парақшасында күн сайын ақша, көлік және басқа да қымбат сыйлықтар ұтысқа тігілген. Сараптама қорытындысы бойынша, бұл әрекеттер «Лотерея туралы заңнаманы» бұзу белгілеріне жатады.
26 тамызда Ерболат Жанабыловқа ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 445-1-бабы бойынша хаттама толтырылып, іс Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды. Сонымен қатар, блогердің жарына қатысты да тексеру жалғасуда.
Айта кетейік, мұндай шағымдар мемлекеттік органдарға жиі түседі. 2024 жылы әлеуметтік желілерде заңсыз лотерея өткізгені үшін 101 адамға 43 млн теңге айыппұл салынса, 2025 жылы тағы 72 адамға 30 млн теңгеден астам айыппұл кесілген.
Еске сала кетейік, бұған дейін блогерлер 11 автокөлік ойнататынын жариялаған еді. Алайда тікелей эфир орнына жазылушылар 30 мың теңгелік «Zhana Business» курсына сілтеме алды. Бұл жағдай көпшіліктің наразылығын туғызды.









