VADA (Ерікті допингке қарсы қауымдастық) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының ағзасынан тыйым салынған зат анықтады. Алғашқы мәліметтер бойынша, бұл мельдоний болуы мүмкін. Осыған байланысты Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) ішкі тергеу жүргізу туралы хабарлады.
WBO ресми мәлімдемесінде былай делінген:
«WBO ережелері мен регламентіне сәйкес, сондай-ақ адалдық, спортшылардың қауіпсіздігі және әділ бәсекелестік қағидаттарына берілгендігімізді растай отырып, ұйым ішкі тергеу үдерісін бастайды».
Әлімханұлы – Лара жекпе-жегі 6 желтоқсанда АҚШ-та өтеді деп жоспарланған еді. Айқаста үш чемпиондық белдік сарапқа салынуы тиіс болатын.









