Жапонияда үкімет толық құрамда отставкаға кетті, деп жазады Kyodo агенттігі. Бұл алдыңғы премьер-министрдің өкілеттіктерінің аяқталуымен байланысты болып отыр. Енді ел парламенті үкіметтің жаңа басшысын таңдау бойынша дауыс беруге дайындалып жатыр.
Кейінгі мәліметтерге сәйкес, елдің жаңа премьер-министрі Шигеру Исиба болады. Ол өткен аптада ЛДП басшысының сайлауында жеңіске жетті, бұл оны автоматты түрде премьер-министрге үміткер етті. Ол сейсенбіде Жапония императоры Нарухито бекітетін жаңа үкіметті құрады.