Алматыда былтыр күзде із-түссіз жоғалып кеткен қыз бен жігіт жарты жылдан кейін табылды.
2024 жылы 24 қыркүйекте 17 жастағы Лағыл Бұланбаева мен 22 жастағы Айбек Базарбаев із-түссіз жоғалып кеткен. Таңғы сағат 6-да Еңбекшіқазақ ауданы, Кировец СО, 14-линия көшесі, 1-ғимарат мекенжайынан жігіт пен қыз бірге шығып кеткен. Сол кеткеннен қайтпады. Еріктілердің айтуынша, жоғалғандар 21 ақпанда табылған. Жастардың осынша уақыт қайда болғаны әзірге белгісіз.









