Кубалықтар көшеге шығып, электр қуатын тез қалпына келтіруді талап етті. Халық өткен жұмадан бері әлі жарықсыз отыр. Елдегі 8 электр станциясының біреуі істен шыққаннан кейін, 10 миллионнан астам халқы бар мемлекет аумағында жарық өшті. Жағдайды «Оскар дауылы» ушықтыра түскен. Ағаштар құлап, электр желілері үзілді. Кубалықтарды азық-түлік, жанармай мен дәрі-дәрмек тапшылығы тығырыққа тіреп отыр. Ал елдің электр станцияларының жұмысы шетелден импортталатын отынға тәуелді.
Ел аумағының басым бөлігінде қар жауып, жел күшейеді
«Қазгидромет» Қазақстан аймақтарында болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады. – Еліміздің батысында, солтүстік-батысында жаңбыр мен қар...