Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жетісу облысында әлеуметтік осал топтар санатындағы отбасылар үйлі болды

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тоғжан Төлеген
11 февраля, 2025
Аймақ
A A
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтар санатындағы отбасылар үйлі болды
WhatsappTelegram

Бүгін Жетісу облысында халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан және көп балалы отбасылардан 23 шаңырақ жаңа қоныс қуанышына кенелді. Кезекте тұрғандарға облыс орталығының жаңа тұрғын үй алабында үш бөлмелі үйлердің кілті табысталды.

Жаңа қоныс иелерінің арасында көп балалы және толық емес отбасылар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, І және ІІ топтағы мүгедектер, зейнеткерлер бар.

Талдықорған қаласы әкімдігінің мәліметінше, «Жастар-3» шағын ауданында тұрғын үйлердің құрылысы өткен жылдың шілде айынан бастап жүргізілген болатын. Сөйтіп кезекте тұрғандар үшін жалға берілетін 56 жаңа үй салынып, сатып алынды. Бүгін кілттері табысталған 23 үйден басқа 33 үй ақпан айының соңына дейін қолданысқа беріледі. Әр үйдің жалпы ауданы 76 шаршы метр. Мұнда үш тұрғын бөлме, ас үй мен жуынатын бөлме бар. Айта кетерлігі, биылғы жылдың соңына дейін осы тұрғын ауданда жеке құрылыс салушылар есебінен тағы 150-ге жуық үй пайдалануға беріледі деген жоспар бар.

Жаңа үйге ие болғандардың бірі көп балалы ана Индира Иманболова:

– Тұрғын үйге кезегінде 10 жылдан астам уақыт тұрдық. Баспана жалдаудың құны да біз үшін арзанға түспейді, оған қоса жиі көшудің өз машақаты бар. Әсіресе балаларым қиналып кететін. Енді, міне, өз баспанамызға қол жеткіздік, қуанышымызда шек жоқ, – дейді алты баланың анасы И. Иманболова.

Тұрғын үй кезегінде тұрған Меруерт Әбдіқадырова да жаңа баспанаға қол жеткізді. Қоныстой иесінің анасы қуанышын жасырмай:

– Қызым он екі жарым жыл дегенде үй алып отыр. Алты баласы бар. Бұған дейін жалдамалы пәтерде тұрып жүрген. Қазір Меруерттің үйлі болғанына жақын жандары, бәріміз қуанып жатырмыз, – дейді Күпан Әбдіқадырова.

Еске салсақ, бұған дейін, яғни осы жылдың басында Талдықорғандағы 49 көп балалы отбасына «Береке» коттедж қалашығындағы тұрғын үйлердің кілті табысталған болатын.

Жалпы өткен жылы Талдықорғанда 1283 отбасы тұрғын үймен қамтылып, кезек 8,3%-ға төмендесе, осы жылы тағы 1483 отбасы тұрғын үйге қол жеткізеді. 1041 пәтерлік 28 үйдің, 107 коттедждің құрылысы аяқталады және халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 300 пәтер сатып алынады. Сөйтіп, 2023-2025 жылдары облыс орталығында 5 мыңға жуық кезекте тұрғандар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Тегтер: Баспана кілтіБейбіт ИсабаевЖетісу облысытұрғын үй
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Бурабайда алты баласы бар отбасы тауға шығып, адасып кетті

Бурабайда алты баласы бар отбасы тауға шығып, адасып кетті

Дана Альсеитова
1 июля, 2025

Бурабайда алты баласы бар отбасы тауға шығып, жолдан адасып қалған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Оқиға...

Шығыс Қазақстан тұрғындарын шегіртке ғана емес, жұлдызқұрттар да мазалап отыр

Дана Альсеитова
1 июля, 2025

Шығыс Қазақстан облысында зиянкестер көбейіп барады. Жергілікті халық шегірткеден бөлек, жаппай көбейген жұлдызқұрттардан да зардап шегіп отыр....

На грани беды: на севере Казахстана перевернулся гидроцикл с двумя людьми

Құтқару жилеті – өмірлік маңызды шешім

Дана Альсеитова
30 июня, 2025

Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл ауданында орналасқан Тарангүл көлінде екі адам отырған гидроцикл аударылып қалды. Абырой болғанда, олар...

Павлодардағы Bellagio мейрамханасында жаппай улану: сальмонелла, стафилококк және қылмыстық іс

Павлодардағы Bellagio мейрамханасында жаппай улану: сальмонелла, стафилококк және қылмыстық іс

Дана Альсеитова
27 июня, 2025

Павлодарда Bellagio мейрамханасында екі күн қатарынан өткен банкеттен кейін 67 адам уланып қалды. Оның 27-сі ауруханаға түсті,...

Қатысты жаңалықтар

Астанада мектептің экс-директоры мен бас есепшісі 1 млрд теңгеге жуық қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді

Астанада мектептің экс-директоры мен бас есепшісі 1 млрд теңгеге жуық қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді

1 июля, 2025
Бурабайда алты баласы бар отбасы тауға шығып, адасып кетті

Бурабайда алты баласы бар отбасы тауға шығып, адасып кетті

1 июля, 2025

Шығыс Қазақстан тұрғындарын шегіртке ғана емес, жұлдызқұрттар да мазалап отыр

1 июля, 2025
Alem: «91-ді масон деді – зерттеп көрдік»

Alem: «91-ді масон деді – зерттеп көрдік»

30 июня, 2025
На грани беды: на севере Казахстана перевернулся гидроцикл с двумя людьми

Құтқару жилеті – өмірлік маңызды шешім

30 июня, 2025
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz