Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Билік

ЖИ өнімі 5 жылда 5 есе өсуі тиіс – Олжас Бектенов 

Шұғыла Берік
16 июля, 2024
Билік, Қазақстан жаңалықтары
A A
ЖИ өнімі 5 жылда 5 есе өсуі тиіс – Олжас Бектенов 
WhatsappTelegram

Бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов жасанды интеллектті қолдану аясына тоқталды, деп хабарлайды Sona.kz. 

Үкімет басшысының сөзінше, 2029 жылға қарай жасанды интеллектті қолданып жасалған өнімдер 5 есе өсуі керек. Білім беру бағдарламаларының немесе жасанды интеллект пәндердің үлесі артуы керек.

«ЖИ жүйелерін қолдану 2030 жылға қарай жаһандық жалпы ішкі өнімді 14%-ға арттырып, 70%-ға дейін қосымша экономикалық тиімділік беруі мүмкін. Сарапшылардың бағалауынша, биыл компаниялардың жасанды интеллект саласындағы әзірлемелерге жұмсайтын шығыны өткен жылмен салыстырғанда екі есе ұлғаяды», — деді О.Бектенов.

Оның айтуынша, ЖИ құралдарын қолдану көптеген күнделікті міндеттерді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Мысалы, бизнес пен өндірісте үлкен көлемдегі деректерді өңдеуге және талдауға немесе клиенттерге қызмет көрсетуге байланысты міндеттерді орындауға болады. Сондай-ақ ЖИ денсаулық сақтау саласындағы тәуекелдерді және төтенше жағдай болжамдарын есептеп, әртүрлі қауіптер мен кибершабуылдарды анықтай алады.

«Сондықтан Мемлекет басшысы жасанды интеллект саласын дамыту және оны қолданатын жобаларды кеңінен тарату жөніндегі стратегиялық құжат әзірлеуді тапсырды. Жасанды интеллектіні енгізуге арналған экономиканың басым секторлары айқындалды. Онда мемлекеттік басқару, мұнай-газ, тау-кен өндіру, энергетика, көлік, логистика, сумен жабдықтау және ауыл шаруашылығы салаларындағы табиғи монополия субъектілері бар. Тиісті инфрақұрылымды құру, деректерді өңдеудің ең соңғы үлгідегі орталықтарын салу, суперкомпьютерді іске қосу және Ұлттық жасанды интеллект платформасының жұмыс істеуі шараларын жандандыру қажет», — деді Премьер-Министр.

Бүгін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі 2024-2029 жылдарға арналған Жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасын таныстырған еді.

«Бізге осы саладағы білікті мамандар қажет. Бұл ретте отандық компаниялардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін барынша ескеру маңызды, бұл тұтастай экономикаға мультипликативтік әсер береді. Жалпы, тұжырымдама жобасын қолдаймыз. Тиісті қаулыға дауыс беруді ұсынамын», — деді Олжас Бектенов.

JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Қонаевта Отан қорғаушы күні қалай аталып өтті?

Қонаевта Отан қорғаушы күні қалай аталып өтті?

Шұғыла Берік
7 мая, 2025

Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жиналған қауым LED-экраннан Астанада өткен әскери парадты тамашалады. Іс-шара барысында Алматы...

Алматының ботаникалық бағы уақытша жабылады

Алматының ботаникалық бағы уақытша жабылады

Тоғжан Төлеген
2 мая, 2025

– Басқа күндері жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады. Ботаникалық бақ күн сайын сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді....

Ресейлік тарихшыға Қазақстанға кіруге рұқсат берілмеді

Ресейлік тарихшыға Қазақстанға кіруге рұқсат берілмеді

Тоғжан Төлеген
30 апреля, 2025

ТМД елдері институтының Қазақстан және Орталық Азия бөлімінің жетекшісі Андрей Грозин Қазақстанға кіруге рұқсат ала алмады. Ол...

Қосылған құн салығы мөлшерлемесі 16% болып белгіленді

Қосылған құн салығы мөлшерлемесі 16% болып белгіленді

Тоғжан Төлеген
30 апреля, 2025

Мәжіліс депутаттары жаңа Салық кодексі мен оған салық салу мәселелері бойынша ілеспе түзетулерді екінші оқылымда қабылдады.  ...

Қатысты жаңалықтар

Қонаев қаласында «Таза аула» конкурсы өтіп жатыр

Қонаев қаласында «Таза аула» конкурсы өтіп жатыр

19 мая, 2025
Қонаев әкімдігі ауыз суды пайдалану туралы мәлімдеме жасады

Қонаев әкімдігі ауыз суды пайдалану туралы мәлімдеме жасады

17 мая, 2025
Тігіншіліктен қоғамдық жобаға дейін: Жанат Қалжанованың жеңісті де жемісті жолы

Тігіншіліктен қоғамдық жобаға дейін: Жанат Қалжанованың жеңісті де жемісті жолы

16 мая, 2025
Қонаевта Отан қорғаушы күні қалай аталып өтті?

Қонаевта Отан қорғаушы күні қалай аталып өтті?

7 мая, 2025
Қонаевта ҰОС ардагеріне 5 млн. теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді

Қонаевта ҰОС ардагеріне 5 млн. теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді

6 мая, 2025
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz