Әлеуметтік желілерде есту қабілеті бұзылған Самат есімді такси жүргізушісінің оқиғасы тарады, деп хабарлайды Sona.kz Jagdai-ға сілтеме жасап.
Автордың айтуынша, жүргізуші жауапсыз жолаушының құрбаны болған.
Пост авторы жолаушы жолақыны әпкесі аударады деп сендіргенін айтады. Ол Саматтан бірнеше минут күте тұруды сұрап, өзі алыстап кеткен. Жүргізуші ақшаның түсуін күтіп біраз тұрғанымен, төлем жасалмаған, ал жолаушы із-түзсіз жоғалған.
Автордың айтуынша, Самат олардың отбасының танысы, еңбекқор әрі сабырлы адам. Есту қабілеті шектеулі болса да, адал еңбегімен нәпақа табады. Ол ең өкініштісі — кейбір адамдар естімейтін немесе сөйлей алмайтын жүргізушілердің осалдығын пайдаланып, «ештеңе істей алмайды» деп ойлайтынын атап өтті.
Бұл оқиға қоғамда үлкен талқылау тудырды. Пікір қалдырушылар таксистердің еңбегін құрметтеуге және мүмкіндігі шектеулі адамдарға түсіністікпен қарауға шақырды.









