Осы түзетулерді депутаттар Әлеуметтік кодекске енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sona.kz Mazhilis_kz Telegram арнасына сілтеме жасап.
Сонымен қатар, заң жобасы еңбек қауіпсіздігін жетілдіруге және жұмысшылардың құқықтарын қорғауға бағытталған өзгерістерді қамтиды. Атап айтқанда, құжат келісім комиссиясының жұмысында делдалдың қатысу тәртібін нақтылайды және өндірістік жарақаттың ауырлығын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган анықтайтын болады.
Түзетулер азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға және еңбек қатынастарының қазіргі талаптарына сәйкестендіруге бағытталған. Жоба профильдік комитеттерде қаралып, сессиялық қаралуға дайын тұр.









