️Қостанай облысындағы 5 баланың қазасына қатысты тергеуді Бас Прокурор бақылауына алынды.
Қостанай облыс прокуратурасы Жітіқара ауданында кәмелетке толмаған балалардың қайғылы қаза тапқаны туралы хабарлайды
«2024 жылғы 11 қазанда таңғы сағат 5:00 шамасында Жітіқара қаласының ТЖ бөліміне Клубная көшесі, 52 мекенжайы бойынша жеке үйдің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Өртті сөндіруді ТЖД, “Қостанай минералдары «АҚ, Жітіқара қаласының құтқару бөлімшесі және «Семсер Өрт сөндіруші» ЖШС күштері жүргізді. Барлығы 19 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылды.
Өкінішке орай, өрт кезінде 5 кәмелетке толмаған бала қаза тапты», — делінген Қостанай облысы прокуратурасыныңхабарламасында.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, өрттің алдын – ала себебі-пешті қараусыз қалдыру.
«Оқиға орнына облыс прокурорының бірінші орынбасары Б.А. Бекбосынов барды.Облыс прокуратурасы қайтыс болған балалардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Қазақстан Ресупбликасы Бас Прокурорының бақылауына алынды», — деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қостанай облысында бес кәмелетке толмаған баланың өрттен қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз. Балалардың үлкені 2011, кішісі 2023 жылы дүниеге келген.