Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар жаңа қызметке тағайындалды

Жақсылық Омар Өскемен қаласын алты жыл басқарды.

«Жақсылық Мұқашұлының мемлекеттік қызметте үлкен тәжірибесі бар. Ол 6 жыл бойы облыс орталығының әкімі болды. Оған өңірдің барлық мәселесі мен тұрғынының мұң-мұқтажы жақсы таныс. Оның жаңа әрі жауапты қызметке білімін, күш-жігерін барынша жұмсайтынына сенімдімін», – деп жазды облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов әлеуметтік желіге.

Жақсылық Омардың жұбайы – бұрынғы Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның туысы.