Шу ауруханасындағы қайғылы оқиға: бес лауазымды тұлға жазаға тартылды

Жамбыл облысы Шу ауданында босану кезінде ана мен бала көз жұмған оқиға бойынша дәрігерлер кінәлі деп танылып, жауапты тұлғалар жазаланды. Арнайы комиссия акушерлердің салғырттығын анықтаған.

Жазаланғандар:
• Аурухана бас дәрігері қызметінен босатылды
• Орынбасары мен босандыру бөлімінің басшысы — жұмыстан қуылды
• Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағы екі басшыға қатаң сөгіс берілді

25 жастағы Әдемі Ешеналиеваның қан қысымы 170-ке дейін көтерілген, ал дәрігерлер алдын ала белгілерге көңіл бөлмеген. Сәбиі іште шетінеген, әйел 12 күн комада жатып көз жұмды.