Метка: 1 млрд теңге

  • Абай облысындағы «Dala SK Construction» ісі бойынша тергеу аяқталды

    Абай облысындағы «Dala SK Construction» ісі бойынша тергеу аяқталды

    Абай облысы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің департаменті Dala SK Construction ЖШС басшылығы мен оған аффилиирленген компанияларға қатысты тергеуді аяқтады. Тергеу мәліметінше, компания азаматтардың қаражатын үлестік құрылыс ретінде заңсыз тартқан, деп хабарлайды Sona.kz afm_rk-ға сілтеме жасап.

    Агенттік хабарлағандай, компания екі жыл бойы рұқсат беру құжаттарын, жобалық-сметалық құжаттаманы, мемлекеттік сараптаманы және авторлық қадағалауды рәсімдемей тұрғын үй кешендерін салумен айналысқан.

    Азаматтарды тарту үшін интернетте нарықтық бағадан төмен баспана мен пайызсыз бөліп төлеу туралы жарнама жарияланған. Алайда Irtysh Riverside тұрғын үй кешеніндегі алты жоспарланған ғимараттың тек біреуінің қаңқасы ғана салынған.

    2024 жылдың қазан айында Dala SK Construction заңсыз құрылыс және рұқсатсыз кәсіпкерлік қызмет бойынша ӘҚБтК-нің үш бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құрылыс жұмыстары тоқтатылды.

    Сот шешімдеріне қарамастан, компания басшылығы жобаның жүзеге асып жатқанын көрсетіп, жарнаманы жалғастырған. Соның нәтижесінде 64 азаматпен жалған брондау шарттары жасалған.

    Тергеу мәліметі бойынша, заңсыз тартылған қаражаттың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асты. Қаражаттың бір бөлігі Өскемендегі аффилиирленген компанияларға аударылып, онда да рұқсатсыз құрылыс жүргізілген.

    Зиянды өтеу мақсатында күдіктілердің мүлкіне: екі пәтер, он жер телімі және алты автомобильге тыйым салынды. Ұйымдастырушы қамауға алынды.

    Агенттік ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайтынын мәлімдеді.

  • Бюджетке 1 млрд теңгеден астам қаржы қайтарылды

    Бюджетке 1 млрд теңгеден астам қаржы қайтарылды

    Актөбе облысының прокуратурасы 2025 жылы мемлекет кірісіне 1 млрд теңгеден астам қаржы өндірілуін қамтамасыз етті. Қаражат мемлекеттік сатып алулар бойынша кепілдік міндеттемелерді орындау, айыппұлдар мен өсімпұлдарды өндіру, сондай-ақ салықтық берешекті өтеу есебінен қайтарылған, Sona.kz Түркістан облысының прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Мысал ретінде облыстың Құрылыс басқармасы мен «MIR-A Construction» ЖШС арасындағы келісімшарт келтірілді. Компания Байғанин ауданының Матай ауылында модульді үлгідегі оқу-жаттығу базасын салуы тиіс болған.

    Мердігерге 288 млн теңге аванс төленгенімен, келісімшарт кейін біржақты тәртіпте бұзылған. Алайда бұл сома бір жылдан аса уақыт бойы мемлекетке қайтарылмаған.

    Қадағалау шараларының нәтижесінде көрсетілген 288 млн теңге толық көлемде өндіріліп, бюджетке қайтарылды.

    Ведомство мәлім еткендей, мемлекеттік мүддені қорғау бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр және прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.

  • Алматыда мектеп оқушыларына сатылған вейптер тәркіленді – 1 млрд теңгенің “тыйым салынған тауары”

    Алматыда мектеп оқушыларына сатылған вейптер тәркіленді – 1 млрд теңгенің “тыйым салынған тауары”

    Алматыда АФМ қызметкерлері вейп пен оған арналған сұйықтықтарды заңсыз сатқан топтың әрекетін әшкереледі. Олар тауарды Telegram арқылы таратып, курьер арқылы жеткізген, деп хабарлайды Sona.kz NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

    Тінту барысында 150 мыңнан астам вейп тәркіленді. Мамандардың есептеуінше, олардың сатылымынан түсуі мүмкін табыс 1 млрд теңгеден асуы ықтимал.

    Ең сорақысы – тауардың көп бөлігі мектеп оқушыларына сатылған.

    “Көлеңкелі бизнестің ұйымдастырушылары саналы түрде электронды сигареттерді жасөспірімдерге жеткізіп, олардың денсаулығына қауіп төндірді”, – делінген АФМ хабарламасында.

    ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеуге қатысты басқа мәліметтер жария етілмейді.