Метка: 91

  • Alem: «91-ді масон деді – зерттеп көрдік»

    Alem: «91-ді масон деді – зерттеп көрдік»

    Танымал әнші, 91 тобының мүшесі Alem «Айқап» подкастында қоғамдағы конспирологиялық пікірлерге қатысты ойын айтты. Оның айтуынша, топ мүшелеріне қатысты «масон» деген қауесет ел арасында өздігінен пайда болған.

    «Бізге «масон» деп атақ тақты. Содан кейін «масон деген кім өзі?» деп өзіміз қызығып, зерттей бастадық. Шын мәнінде, бұл әңгімені бастаған біз емес – халықтың өзі», – деді Alem.

    Әншінің айтуынша, бір ғана конспирологияға үңілсең, соңынан сан түрлі теория мен күмәнді тұжырымдар еріп шығады.

    «Бірін зерттесең, артынан миллион түрлісі шыға береді екен. Шеті жоқ дүние», – деп түйіндеді ол.

    91 тобына қатысты түрлі болжамдар мен пікірлер көп айтылғанымен, музыкант бұл пікірлерге салмақпен қарап, ашық ізденіс арқылы көз жеткізгенін жеткізді.

  • «91» тобын Сәтпаев қаласынан концертке кіргізбей қойған — Alem

    «91» тобын Сәтпаев қаласынан концертке кіргізбей қойған — Alem

    «91» тобының мүшесі Alem «Айқап» подкастында топтың кейбір қалаларда концерт өткізуіне тосқауыл қойылғанын айтты. Оның сөзінше, Түркістанда жоспарланған шара өтпей қалған. Ал Сәтпаевта жағдай одан да күрделі болған.

    «Сәтпаев қаласына кіре алмадық. Бір рет барғанымызда артымыздан көлікпен қуды. Формалы ағалар бізді қонақүйге кіргізіп, ертесіне ұшаққа салып кері қайтарды», — дейді Alem.

    Музыкант бұл оқиғаның ушығуына әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған арандатушылық хабарламалар себеп болғанын айтты. «WhatsApp-та «91 тобын ұрып-соғып, видеоға түсірсеңдер — ақша береміз» деген ақпарат тараған», — дейді ол.

    Дегенмен, Alem Атырау мен Ақтауда мұндай қиындықтар болмағанын атап өтті.