Метка: Адам өлімі

  • «Көкшетау – Атбасар» тас жолында жүргізуші адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

    «Көкшетау – Атбасар» тас жолында жүргізуші адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

    Ақмола облысында «Toyota Avensis» автокөлігінің жүргізушісі адамды қағып, оқиға орнынан ізін жасырған, деп хабарлайды Sona.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 4 қазанда «Көкшетау – Атбасар» автожолының 176-шақырымында болған. Алдын ала деректер бойынша, мемлекеттік тіркеу нөмірлері жоқ қара түсті көлік 60–70 жастағы ер адамды қағып кеткен.

    Зардап шегуші жедел жәрдем келгенше көз жұмған.
    Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші тоқтамай, оқиға орнынан кетіп қалған.

    Қазір полиция қызметкерлері марқұмның жеке басын анықтау және қашып кеткен жүргізушіні іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.

    Полиция тұрғындарды жол апатына куә болған немесе оқиға туралы қандай да бір ақпараты бар болса, хабарлауға шақырады.

  • ШҚО-да ер адамды ұрлап, қатыгездікпен өлтірген

    ШҚО-да ер адамды ұрлап, қатыгездікпен өлтірген

    Шығыс Қазақстан облысында жас жігітті ұрлап, азаптап өлтірген күдіктілердің бір бөлігі ұсталды. Марқұмның мәйіті Өскемендегі аурухана маңына тасталған.

    Полицияның мәліметінше, қылмысқа қатысы бар үш адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, тағы үшеуіне іздеу жарияланды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.

    Тәртіп сақшылары азаматтарды тек ресми ақпаратқа сенуге және расталмаған мәлімет таратпауға шақырды.

  • Астанада төбелестің соңы адам өлімімен аяқталды

    Астанада төбелестің соңы адам өлімімен аяқталды

    Астанада төбелестің соңы адам өлімімен аяқталды. Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта адам өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр.

    Астанада төбелес болып, арты атысқа ұласып, салдарынан бір адам мерт болғаны туралы ақпарат тарады.

    Астананың полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

    — Алдын ала мәліметтер бойынша, екі таныс адам жанжалдасып қалған. Артынша оның біреуі екіншісінің басынан оқ атып жіберген, дейді полицейлер.

    Кдікті ұсталып, қамауға алынды.