Метка: адам саудасы

  • Польшадан адам мүшелерін саудалауға қатысы бар күдіктінің экстрадициясы

    Польшадан адам мүшелерін саудалауға қатысы бар күдіктінің экстрадициясы

    Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Интерполдың Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Польшадан адам мүшелерін заңсыз сатумен айналысқан Украина азаматын Қазақстанға экстрадтады, деп хабарлайды Sona.kz ҚР Бас Прокуратурасына сілтеме жасап.

    Тергеу мәліметтері бойынша, 2017–2018 жылдары күдіктінің рөлі трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында донорлар мен реципиенттерді іздеу, кездесулер ұйымдастыру және операцияларды жүзеге асыруды қадағалау болды. Қылмыстық топ Қазақстан аумағында және шетелде 56 заңсыз мәміле жасаған.

    Қылмыс жасағаннан кейін күдікті бес жыл бойы халықаралық іздеуде болған. Биыл наурызда ол Польша шекарасын кесіп өту кезінде ұсталып, Бас прокуратураның сұранысы бойынша Қазақстанға экстрадталды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында жатыр.

    Қылмыстық әрекеттер үшін 8–12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлікті тәркілеу жазасы қарастырылған. Бұған дейін осы қылмыстық ұйымның екі мүшесі Түркия мен Ресейден Қазақстанға қайтарылған.

  • 1,7 млрд теңге жезөкшелік арқылы табылған: Қазақстанда адам саудасымен айналысқан топ ұсталды

    1,7 млрд теңге жезөкшелік арқылы табылған: Қазақстанда адам саудасымен айналысқан топ ұсталды

    Қазақстанда сексуалдық мақсатта адам саудасымен айналысқан екі ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді, — деп хабарлайды Sona.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

    Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, тергеу кезінде қылмыстық топтар интернет-ресурстар арқылы сексуалдық қызметтерді жарнамалап, тұрақты түрде пайда тауып отырған. 2024 жылдың басынан бері айналымы 1,7 млрд теңгеден асқан. Тәуліктік табыс көлемі 1,5 млн теңгеге дейін жеткен.

    Тінту барысында ірі көлемдегі ақша, банк карталары, көліктер мен электронды құрылғылар тәркіленді. Негізгі күдіктілер мен олардың сыбайластары қамауға алынды.

  • Түркістан облысында адам саудалаған азамат ұсталды

    Түркістан облысында адам саудалаған азамат ұсталды

    Ол мүмкіндігі шектеулі екі азаматты 400 мың теңгеге сатпақ болған жерінен ұсталған.

    Күдікті екі жыл бойы адамдардың қиын жағдайын пайдаланып, оларды қайыр тілеуге мәжбүрлеген.

    Сондай-ақ осы қылмысқа қатысы болуы мүмкін 10 адам туралы дерек тексерілуде. Қазіргі таңда тергеп-тексеру жүріп жатыр.