Елімізде 400 мыңға жуық адам атаулы әлеуметтік көмек алды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 56 миллиАрд теңгеге жуық қаржы қарастырылған. Бұл көмек түрі табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-нан асПайтын отбасыларға беріледі. Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін өтінішті тұрғылықты жері бойынша Мансап орталығына, әкімдікке барып немесе egov порталы арқылы беруге болады. Бүгінде атаулы әлеуметтік көмекПен бірге жұмыс та ұсынылады. Өз ісін ашуға ниеті бар отбасыларға грант беріліп, біліктілікті арттыру курстарына да жіберіледі. Мақсат — халықты кедейлік шегінен құтқарып, табысын арттыруға жәрдемдесу. Еске салайық, былтыр атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ең көбі Түркістан облысында тіркелді. Екінші — Шымкентте, үшінші орында — Қызылорда облысы болды.
Метка: АЕК
-

Жаңа жылдан бастап елімізде зейнетақы 8,5 пайызға өседі
Жаңа жылдан бастап елімізде зейнетақы 8,5 пайызға өседі.
Бұл туралы 2027 жылға дейінгі республикалық бюджетті жоспарлау туралы құжатта жазылған. Тиісті заң жобасы 31 тамызға дейін ашық талқылауға шығарылды.
Қолдау тапса, 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш мөлшері 3 692 теңгеден 3 932 теңгеге көтеріледі. Ал ол түрлі әлеуметтік төлемдерді қайта есептеу үшін қажет.
Осылайша, базалық зейнетақы 28 мыңнан 32 мыңға, ал ең төменгі зейнетақы мөлшері 57 мыңнан 62 мың теңгеге өседі. Ал ең төменгі жалақы көлемі өзгеріссіз қалады. Ол қазір 85 мың теңге.
