Метка: Африка

  • Африкада «маймыл шешегінен» бір аптада 50 адам көз жұмды

    Африкада «маймыл шешегінен» бір аптада 50 адам көз жұмды

    Елдегі денсаулық сақтау ұйымдары жағдайдың бақылаудан шығып бара жатқанын айтты. Олар халықаралық серіктестерді көмекке шақырды. Себебі бір  аптаның ішінде аурудан 50 адам көз жұмған.

    Сонымен қатар Кенияда да вирустан алғашқы өлім тіркелген. Сол себепті Руанда мен Конго елдерінде індетке қарсы вакцинация басталған.

  • «Бетперде киген адам» Африкаға барып, құдық қазып берген

    «Бетперде киген адам» Африкаға барып, құдық қазып берген

    Instagram-да өзінің игі істерімен танымал болған бетпердедегі қайырымды адам Африкадағы балаларға көмектеспек ниетте.

    Бұл жолы ол өзінің күш-жігерін Африканың Сомали еліне сапар шегіп, Қазақстаннан тыс жерлерге бағыттады.

    «Бетперде киген адам» Барваако лагерінде жергілікті тұрғындармен видеоға түсіп, жариялаған. Онда ол мешіт, мектеп және тұрғындарды таза сумен қамтамасыз ететін жаңа құдық салып берген. Кадрдағы балалар балалар мен ересектердің қуанғанын көруге болады.

    Бетперде киген адам балалармен футбол ойнап, кітап сыйлаған. Қазақстаннан апарған шоколадты сыйға тартты.

  • МИНИСТРЛІК МАЙМЫЛ ШЕШЕГІНЕН ҚОРҒАНУДЫҢ  ЖОЛДАРЫН ҰСЫНДЫ

    МИНИСТРЛІК МАЙМЫЛ ШЕШЕГІНЕН ҚОРҒАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫН ҰСЫНДЫ

    Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегінен қорғанудың жолдарын ұсынды. Эндемиялық елдерге баратын туристер инфекциядан сақтану үшін осы талаптарды қатаң сақтауы тиіс.

    Ауырған адамдарға және инфекция жұқтырған жануарларға жоламау керек. Вирусты маймыл, егеуқұйрық, тиіндер мен басқада жабайы жануарлар тасымалдауы мүмкін.
    — Жануарлармен жұмыс істеу кезінде қорғаныш құралдарын пайдалану керек. Яғни, оларға күтім жасау кезінде, зертханалық жағдайда қорғаныш киімдерін, қолғаптар мен маскаларды қолдану маңызды.
    — Гигиенаны қатаң сақтау қажет. Қолды сабынмен жиі жуу керек.
    — Дезинфекциялық құралдарды қолдану ұсынылады. Себебі, бұл зат инфекцияның таралу қаупін азайтуға көмектеседі.
    — Маймыл шешегінің белгілері: дене бөртеді, қызу көтеріледі, бойда әлсіздік пайда болады, бас аурырады. Мұндай жағдайда жедел дәрігерге қаралу керек.

    Еске салайық, маймыл шешегі бірнеше ай бұрын Конго Демократиялық Республикасында өршіп, 500-ден астам адамның өмірін қиды. Жалпы алғанда, жұқпалы инфекция әлемнің 116 еліне тараған.

    «Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында маймыл шешегіне күдікті аурудың бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ.
    Осы инфекцияны Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге жол бермеу бойынша профилактикалық шаралар қабылданды. Қазақстанның санитариялық-карантиндік пункттерінде (әуежай, теміржол, теңіз, автомобиль өту жолдары) аса қауіпті ауруларға күдікті науқасты мемлекеттік шекарада анықтау (әкелудің алдын алу) жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі. Жағдайды Денсаулық сақтау министрлігі тұрақты бақылауға алып отыр», — делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарламасында.

     

     

     

  • Маймыл шешегі: Министрлік Қазақстандағы ахуалды айтты

    Маймыл шешегі: Министрлік Қазақстандағы ахуалды айтты

    Маймыл шешегі: Министрлік Қазақстандағы ахуалды айтты

    ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев маймыл шешегіне қатысты елімізде жағдай тұрақты екенін жеткізді.

    «Маймыл шешегі қатерлі сырқат. Тек Африкада ғана емес, басқа елдерде де тіркелген. Екі жылдың ішінде 100 мыңға жуық адам жұқтырған. Бұл дерттің
    Қазақстанға кіру жолдарын бақылауымыз керек. Мысалы әуежайды бақылауымыз қажет», — деді Тимур Сұлтанғазиев.

    Яғни, әуежай арқылы келген науқас болса, олар бірден оқшауланады. Қазір Денсаулық сақтау министрлігінің маймыл шешегіне қатысты клиникалық хаттамасы бекітілген. Ол жерде індеттен қалай қорғану керек, қауіпсіздік шаралары жөнінде қамтылған.

    Еске сала кетейік, Конгода маймыл шешегі дертінің мутацияға ұшыраған түрі белең алуда. Індеттің тез таралуына байланысты Халықаралық деңгейде төтенше жағдай жарияланды. Мұндай шешімді дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қабылдағанын хабарлаған болатынбыз.

    Мутацияға ұшыраған маймыл шешегінің бастапқы белгілерінде бас ауырады. Қызу көтеріліп, арқада ауырсыну пайда болады. Дене бөртеді.