Air Astana ұшағынан ұзындығы 25 мм болатын сызат табылды. Әуе компаниясының мәліметінше, ол қауіпті емес жерде – жүк бөлігіндегі панель маңынан анықталған. Жөндеу жұмыстары толық аяқталып, ұшақ қайта қолданысқа берілді. Компания жалған ақпарат таратпауға шақырды.
Метка: Air Astana әуе компаниясы
-

Наурыздағы мерекелерге орай қосымша әуе рейстері іске қосылады
Қазақстандық әуе компаниялар жолаушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін наурыз айындағы мереке күндері әуе рейстерінің санын едәуір ұлғайтады, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Мәселен, 2025 жылғы 16-30 наурыз аралығында қосымша 120 әуе рейсі іске қосылады. Олардың қатарында:
«Air Astana» әуе компаниясы қосымша 55 рейс орындайды.
Iшкі бағыттар бойынша:
— Астана – Алматы + 8 рейс;
— Атырау – Астана + 6 рейс;
— Атырау – Алматы + 3 рейс;
— Алматы – Шымкент +2 рейс;
— Алматы – Қызылорда + 2 рейс;
— Алматы – Ақтау + 1 рейс;
— Алматы – Ақтөбе + 1 рейс;
— Алматы – Өскемен + 1 рейс;
— Астана – Ақтөбе + 1 рейс;
— Астана – Орал + 1 рейс;
— Астана – Қостанай + 1 рейс;Халықаралық бағыттар бойынша:
— Алматы – Сеул + 4 рейс;
— Алматы – Ыстанбұл + 4 рейс;
— Астана – Ыстанбұл + 4 рейс;
— Алматы – Мале + 4 рейс;
— Алматы – Бейжің + 2 рейс;
— Астана – Сеул + 2 рейс;
— Алматы – Тбилиси + 1 рейс;
— Астана – Пхукет + 1 рейс;
— Астана – Фукуок + 1 рейс;
— Алматы – Лондон + 1 рейс;
— Алматы – Душанбе + 1 рейс;
-Алматы – Баку + 1 рейс;
— Алматы – Камрань + 1 рейс;
— Алматы – Гуанчжоу + 1 рейс.Сонымен қатар, биылғы жылдың 30 наурызынан бастап Алматы – Нячанг (аптасына 4 рейс), 31 наурыздан бастап Астана — Нячанг (аптасына 3 рейс), 30 наурыздан бастап Алматы – Гуанчжоу (аптасына 3 рейс) бағыттарында әуе қатынасы ашылады. Ал 20 сәуірден бастап Алматы-Мумбай бағыты бойынша рейстер қайта ашылады (аптасына 3 рейс). Бұдан бөлек 28 мамырдан бастап Атырау – Тбилиси (аптасына 3 рейс), 1 маусымнан бастап Астана – Франкфурт (аптасына 3 рейс) жаңа әуе бағыттары ашылады.
«FlyArystan» әуе компаниясы 33 рейсті іске қосады:
— Астана – Алматы + 11 рейс;
— Астана – Орал +4 рейс;
— Алматы – Шымкент + 3 рейс;
— Алматы – Қарағанды +2 рейс;
— Алматы – Қызылорда +2 рейс;
— Астана – Шымкент +2 рейс;
— Астана – Түркістан +2 рейс;
— Алматы – Қостанай +1 рейс;
— Алматы – Семей + 1 рейс;
— Алматы – Павлодар +1 рейс;
— Алматы – Орал +1 рейс;
— Астана – Қызылорда +1 рейс;
— Астана – Ақтау +1 рейс;
— Астана – Өскемен +1 рейс;Сонымен қатар, биылғы жылдың 4 маусымынан бастап Қарағанды-Ыстанбұл бағыты бойынша рейстер ашылады (аптасына 2 рейс);
«SCAT» әуе компаниясы 32 рейс қосады:
— Астана – Алматы + 16 рейс;
— Астана – Шымкент + 8 рейс;
— Алматы – Шымкент + 8 рейс.Сондай – ақ, Шымкент – Каир (29 мамырдан бастап, аптасына 2 рейс), Шымкент – Сиань (28 мамырдан бастап, аптасына 2 рейс), Шымкент-Будапешт (27 мамырдан бастап, аптасына 2 рейс) бағыттары бойынша рейстер ашылады;
«Qazaq Air» әуекомпаниясы 1 мамырдан бастап Астана – Самарқанд бағыты бойынша рейстерді іске қосады (аптасына 2 рейс). Сондай-ақ, әуе компания Астана – Алматы, Астана – Шымкент, Астана – Түркістан ішкі бағыттары бойынша мереке алды және мереке күндері рейстер санын ұлғайту мәселесін қосымша пысықтауда.
Әуе билеттерін тасымалдаушылардың ресми сайттарынан сатып алуға болады.
Ішкі және халықаралық бағыттар бойынша билет құны өспейді, билет бағасы қалыпты деңгейде қала бермек. Әуе билеттерінің құны нарықтық факторларға байланысты өзгеруі мүмкін (билетті ұшу күніне тақап алу және т.б.).
Әуе компаниялары техникалық мүмкіндігіне орай мереке күндері рейстерді ұлғайту бойынша жұмысты әлі де жалғастырады.
-

Астанадан Фукуок аралына тікелей рейс ашылды
Air Astana әуе компаниясы 3 желтоқсаннан бастап елордадан Фукуок курорттық аралына (Вьетнам) тікелей рейстерді іске қосады.
Ақпаратқа сәйкес, рейстер Airbus A321LR ұшағымен сейсенбі, жұма және жексенбі күндері аптасына 3 рет жиілікпен орындалады.
Айта кетсек, Алматы-Фукуок тікелей әуе қатынасы 28 қазаннан бастап енгізілді және Қазақстанның екі қаласынан Фукуокқа баратын рейстердің жалпы саны – аптасына 8 жиілік, бұл қазақстандықтарға екі хаб арқылы рейстерді біріктіруге мүмкіндік береді.
Астана-Фукуок-Астана бағыты бойынша жолаушыларға ыңғайлы кесте ұсынылады: КС173 рейсі Астанадан 21:30-да ұшады және Фукуокқа 07:45-те ұшып барады. КС174 қайтар рейсі Фукуоктан 09:15-те ұшады және Астанаға 16:15-те ұшып келеді.
Екі жаққа билеттің ең төменгі құны эконом-класта 380 720 теңгеден, бизнес-класта 973 821 теңгеден басталады.
Қазақстан азаматтары Вьетнамда визасыз 30 күнге дейін бола алады.
-

Air Astana ұшағы Алматыдан Ақтөбеге ұшпай қалды
Алматылық ақын Асылан Тілегеннің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлім еткеніндей, ала таңнан әуежайға барғанымен, ұшақ ұшпай қалған.
«Ақтөбеге, жазушы Тобық Жармағамбетовтың 90 жылдық тойына жетуім керек еді. Air Astana әуелі 1 сағат, одан кейін 4 сағатқа кешігеді деп хабарлады. Ақыры соңында 25 сағаттан кейін, яғни ертең ұшамыз деп, төбеден тоңқ еткізді. Негізі, КС-863 рейсі бойынша ұшақ Алматыдан сағат 09.20-да аттанып, Ақтөбеге 13.10-да қонуы керек еді. Бізге ауа райына, Ақтөбедегі тұманға байланысты деді. Қаншама адам жолынан қалды», – деді Асылан Тілеген.
Осыған байланысты аталмыш әуе компаниясы ресми жауап берді.
«Әуе компаниясы рейстердің уақытылы ұшуы үшін бар күш-жігерін салады, дегенмен кестеге сай жүру әрдайым қолдан келе бермейді. Кей кезде рейс әуе компаниясындағы жағдайларға байланысты (мысалы, техникалық қызмет көрсету, экипаждың жұмыс уақыты), ал кейде ауа райы, әуежай жұмысы, қауіпсіздік, алдыңғы рейстің кешігуі сияқты әуе компаниясына тәуелді емес себептермен кешігеді. Жолаушылар мен экипаждың өміріне қауіп төнсе, біз ешқашан тәуекелге бармаймыз. Ондай жағдайда рейсті кешіктіріп, ұшақ толық жұмыс істейтіне көз жеткізбей ұшырмаймыз. Жолаушылар қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз», – делінген онда.
