Метка: air astana

  • Air Astana рейстері Иранның әуе кеңістігін айналып өтеді

    Air Astana рейстері Иранның әуе кеңістігін айналып өтеді

    Air Astana әуе компаниясы Иранның әуе кеңістігі жабылуына байланысты бірқатар тұрақты және чартерлік рейстердің бағыты өзгеретінін хабарлады, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    Тасымалдаушының мәліметінше, Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Медина бағытындағы рейстер уақытша Иран аумағын айналып өтіп орындалады.

    Әуе компаниясы жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отырғанын және жолаушыларды рейстердің мәртебесін алдын ала тексеруге шақырады. Ұшу және қону уақыттарында өзгерістер болуы мүмкін.

    Қосымша ақпаратты брондау және ақпарат орталықтарынан, сондай-ақ қолдау қызметінің байланыс арналары арқылы алуға болады.

    Бұған дейін Иран билігі барлық азаматтық әуе рейстері үшін әуе кеңістігін толық жапқан. Елде халықаралық ахуалдың ушығуына және АҚШ-тың ықтимал араласуына байланысты әскери дайындық деңгейі арттырылғаны хабарланған.

  • Air Astana бас директоры Питер Фостер қызметінен кетеді

    Air Astana бас директоры Питер Фостер қызметінен кетеді

    Air Astana директорлар кеңесі компанияның бас директоры Питер Фостер 2026 жылдың наурызында өз лауазымынан және директорлар кеңесі құрамынан кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sona.kz ZTB -ға  сілтеме жасап.

    Компанияның ресми ақпаратына сәйкес, Фостер өкілеттік мерзімі аяқталған соң Air Astana-мен аға кеңесші ретінде ынтымақтастықты жалғастырады.

    Питер Фостер Air Astana компаниясын 2005 жылдан бері басқарып келеді. Оның жетекшілігімен әуе компаниясы елдің басты әуе тасымалдаушысы ретінде нығайып, ұшақ паркін кеңейтіп, көптеген халықаралық бағыттарды іске қосты.

    Компания басшысы қызметіне қазіргі қаржы директоры Ибрахим Жанлыел тағайындалады. Ол 2003 жылдан бері Air Astana құрамында еңбек етіп, 2017 жылдан бері қаржы саласын басқарып келеді.

    Air Astana өкілдері басқару ауысуы кезеңінде компанияның тұрақтылығын және стратегиялық даму бағытын сақтауға ниетті екенін атап өтті.

  • Алматыдан Вьетнамға шыққан ұшақ әуежайға қайтып келуге мәжбүр болды

    Алматыдан Вьетнамға шыққан ұшақ әуежайға қайтып келуге мәжбүр болды

    Алматыдан Вьетнамға шыққан Air Astana ұшағы қала үстінде біраз уақыт қалқып, кейін әуежайға қайтып оралған.

    Air Astana жауабына сәйкес, 28 наурызда Алматы – Нянчанг бағыты бойынша КС193 түнгі рейсін орындаған Air Astana ұшағы техникалық себеппен Алматы әуежайына мәжбүрлі түрде қонған.

    – Рейсті күту кезінде жолаушыларға ыстық тамақ пен сусындар, ал қалауы бойынша қонақ үйге орналастыру ұсынылды. Жолаушылар басқа әуе кемесімен сағат 07:15–те жолға шықты. Рейс кешіккені үшін жолаушылардан кешірім сұраймыз, – деп хабарлады компаниядан.

  • Air Astana ұшағы Бакуге шұғыл қонды

    Air Astana ұшағы Бакуге шұғыл қонды

    Себебі – жолаушылардың бірі бортта өзін нашар сезініп, экипаж дереу қонуға шешім қабылдаған. Airbus A321 лайнері Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайға жергілікті уақытпен 00:25-те аман-есен қонды. Дәрігерлер науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізді.

    Бұл жағдайға байланысты рейс кейінге шегерілді. Экипаждың жұмыс уақыты аяқталғандықтан, әуе компаниясы жолаушыларға қонақүй, тамақ және көлік қызметін ұйымдастырды. Ұшақтың Алматыға қайта ұшуы 24 наурызда 13:40-қа жоспарланған.

  • Қыз баланы әуежайда қалдырып кету оқиғасы: Air Astana сотта жеңілді

    Қыз баланы әуежайда қалдырып кету оқиғасы: Air Astana сотта жеңілді

    Бүгін Air Astana-ның Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының шешіміне түсірген аппеляциялық шағымын қарау аяқталды. Тасымалдаушы моральдық шығынды 5 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге төмендетуді сұраған еді.

    Алматы қалалық сотының сот алқасы шағымды қанағаттандырудан бас тартып, шешімді өз күшінде қалдырды. Бұл баланың анасы алғашқы сот үкім еткендей 5 млн теңге моральдық шығын алады деген сөз, — делінген аввокаттың Telegram арнасындағы хабарламасында.

    Қорғаушы осы бір даулы істің нүктесі қойылып, онда жеңіп шыққандарына қуанышты екенін жеткізген.

    – Сот қаулысы заңды күшіне енді. Бұл кейс алдағы уақытта жақсы үлгі болатыны сөзсіз, – деп түйген сөзін Данильхан Шағатаев.

    Еске сала кетейік, былтыр шілде айында FlyArystan әуе компаниясы ата-анасы сеніп тапсырған тұлғамен бірге Нью-Йорк қаласынан ұшып келіп, артынша Оралға ұшуы тиіс қыз баланы Астана әуежайында қалдырып кеткен болатын

  • Air Astana ұшағы Алматыдан Ақтөбеге ұшпай қалды

    Air Astana ұшағы Алматыдан Ақтөбеге ұшпай қалды

    Алматылық ақын Асылан Тілегеннің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлім еткеніндей, ала таңнан әуежайға барғанымен, ұшақ ұшпай қалған.

    «Ақтөбеге, жазушы Тобық Жармағамбетовтың 90 жылдық тойына жетуім керек еді. Air Astana әуелі 1 сағат, одан кейін 4 сағатқа кешігеді деп хабарлады. Ақыры соңында 25 сағаттан кейін, яғни ертең ұшамыз деп, төбеден тоңқ еткізді. Негізі, КС-863 рейсі бойынша ұшақ Алматыдан сағат 09.20-да аттанып, Ақтөбеге 13.10-да қонуы керек еді. Бізге ауа райына, Ақтөбедегі тұманға байланысты деді. Қаншама адам жолынан қалды», – деді Асылан Тілеген.

    Осыған байланысты аталмыш әуе компаниясы ресми жауап берді.

    «Әуе компаниясы рейстердің уақытылы ұшуы үшін бар күш-жігерін салады, дегенмен кестеге сай жүру әрдайым қолдан келе бермейді. Кей кезде рейс әуе компаниясындағы жағдайларға байланысты (мысалы, техникалық қызмет көрсету, экипаждың жұмыс уақыты), ал кейде ауа райы, әуежай жұмысы, қауіпсіздік, алдыңғы рейстің кешігуі сияқты әуе компаниясына тәуелді емес себептермен кешігеді. Жолаушылар мен экипаждың өміріне қауіп төнсе, біз ешқашан тәуекелге бармаймыз. Ондай жағдайда рейсті кешіктіріп, ұшақ толық жұмыс істейтіне көз жеткізбей ұшырмаймыз. Жолаушылар қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз», – делінген онда.

  • Рейстер кешігеді: Дауыл мен бұршақтан Air Astana  ұшақтары зақымдалған

    Рейстер кешігеді: Дауыл мен бұршақтан Air Astana ұшақтары зақымдалған

    Air Astana әуекомпаниясы 9 тамыз күні рейстердің кешігуі мүмкін екендігі туралы хабарлады.

    «Рейстердің кешігу себебі 8 тамыз күні Астанада болған дауыл мен бұршақтың салдарынан болуы мүмкін. Қазіргі уақытта әуекомпания бұршақтың салдарынан төрт ұшақтың зақымдалғанын анықтады. Әуекомпания инженерлері қажетті тексеру және жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Жөндеу жұмыстары бірнеше күннен кейін бітеді»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

    Жолаушыларымыздан әуежайға жол тартпас бұрын рейс статусын әуекомпания сайтында тексерулерін сұрайды. Қосымша сұрақтар туындағанда осы номерлерге хабарласып, білуге болады.

    +7 727 244 44 77
    +7 7172 58 44 77
    +7 702 702 44 77
    +7 705 927 44 77
    WhatsApp: +7 702 702 00 74
    Online chat: airastana.com