Метка: АИТВ

  • Атырауда АИТВ жұқтыру ісі бойынша бір күдікті екі айға қамауға алынды

    Атырауда АИТВ жұқтыру ісі бойынша бір күдікті екі айға қамауға алынды

    Атырау қаласында АИВТ-инфекциясын қасақана жұқтырды деген іс бойынша күдіктілердің бірі екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Адилов мәлімдеді.

    Оның айтуынша, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қасақана жұқтыру фактісін анықтаған. Сот санкциясымен күдіктінің бірі тергеу мерзіміне қамауға алынған.

    Бұған дейін полиция 23 және 28 жастағы екі адамның ұсталғанын хабарлаған. Тергеу дерегіне сәйкес, олар 2025 жылдың желтоқсан айынан бастап ВИЧ-статусы туралы білген және медициналық есепте тұрған. Соған қарамастан ақылы интимдік қызмет көрсетуді жалғастырған.

    Қазіргі уақытта өзге тұлғалардың ықтимал қатысы тексерілуде. Тергеу мүддесіне байланысты нақты мән-жайлар жария етілмейді.

    ІІМ өкілдері тергеу заң талаптарына сәйкес жүргізіліп жатқанын атап өтті. Кінә дәлелденген жағдайда күдіктілер Қазақстан заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

  • Атырауда транс-персоналардың заңсыз қызметі тоқтатылды: АИТВ қасақана тарату дерегі

    Атырауда транс-персоналардың заңсыз қызметі тоқтатылды: АИТВ қасақана тарату дерегі

    Атырау қаласында 23 және 28 жастағы екі азамат ұсталды. Олар 2025 жылдың желтоқсан айынан бастап АИТВ инфекциясының бар екенін біліп, арнайы медициналық есепте тұрғанына қарамастан, транс-персоналар ретінде платтық интимдік қызметтерді жалғастырған. Бұл туралы Sona.kz Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

    фото: скриншот

    Жедел іс-шараларды облыстық ПД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізді. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) қамалды.
    Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті бабы бойынша қозғалды. Заң бойынша, өзінде АИТВ бар екенін біле тұра басқа адамға инфекция жұқтыру ауыр қылмыс болып табылады және 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

    фото: скриншот

    Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Жәбірленушілердің шеңбері анықталып жатыр, әрбір нақты фактқа құқықтық баға беріледі.

    Полицияның мәліметінше, күдіктілердің әрекеті азаматтардың өмірі мен денсаулығына қасақана қауіп төндіру болып саналады. Құқық қорғау органдары әр кінәлі тұлғаның заң алдында толық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.
    Іс бойынша қосымша тергеу жалғасуда. Жәбірленуі мүмкін адамдар полицияға жүгінуі сұралады.

  • Ғалымдар дің жасушаларын трансплантациялағаннан кейін науқастың ағзасынан АИТВ жоғалғанын хабарлады

    Ғалымдар дің жасушаларын трансплантациялағаннан кейін науқастың ағзасынан АИТВ жоғалғанын хабарлады

    Халықаралық ғалымдар тобы ерекше медициналық жағдайды тіркеді: дің жасушаларын трансплантациялағаннан кейін ер адамның ағзасынан АИТВ толық жоғалған. Зерттеушілердің айтуынша, жоғары дәлдіктегі талдаулар қолданылса да, вирусқа тән іздер табылмаған, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    Пациентке дің жасушалары басқа ауруды емдеу мақсатында салынған. Алайда операциядан кейінгі кезеңде алынған қан мен тін үлгілерінің ешқайсысынан вирус анықталмады. Зерттеушілер бұл тәсіл болашақта жаңа терапиялық әдістерді әзірлеуге негіз бола алады деп отыр.

    Ғалымдар мұндай жағдайды басқа пациенттерде де растау қажет екенін айтады. Жақын арада кеңейтілген клиникалық сынақтар басталып, әдістің тиімділігі кең ауқымда тексерілмек.

    Мамандар мұны ағзаның ВИЧ-тен табиғи түрде арылуына көмектесетін механизмдерді зерттеудегі маңызды кезең деп бағалайды. Зерттеудің бастапқы кезеңінде болса да, бұл деректер АИТВ-ге қарсы тиімді емдеу жолдарын іздеуді жылдамдатуы мүмкін.

  • АҚШ-та АИТВ-ге қарсы екпе мақұлданды: тиімділігі – 100%-ға жуық

    АҚШ-та АИТВ-ге қарсы екпе мақұлданды: тиімділігі – 100%-ға жуық

    АҚШ-та АИТВ-нің алдын алуға арналған жаңа препарат – “Ленакапавир” мақұлданды. Препарат FDA тарапынан Yeztugo атауымен тіркеліп, клиникалық зерттеулерде жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Профессор Алмаз Шарманның айтуынша, жылына екі рет егілетін бұл екпе бірде-бір әйелде АИТВ жұғу дерегін тіркемеген. Препарат шілде айында ДДСҰ-ның жаһандық профилактикалық жоспарына енді.

    “Бұл – өте маңызды қадам. Ұзақ әсер етеді, қолдануға ыңғайлы, стигманы жеңуге көмектеседі”, – дейді Шарман.

    Екпе 120 елде қолжетімді болуы мүмкін. Ондағы бағасы жылына небәрі $25–46 болады. Алайда дамыған елдерде бұл дәрі жылына $44 000 тұруы ықтимал.

    ❗Айта кетейік, “Ленакапавир” – толыққанды вакцина емес, бұл – кешенді стратегияның бір бөлігі. Вируспен күресте жаппай тестілеу мен әлеуметтік қолдау маңызды болып қала береді.

  • Жаңа босанған әйел қан құюдан кейін АИТВ жұқтырған

    Жаңа босанған әйел қан құюдан кейін АИТВ жұқтырған

    Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қызылордада жаңа босанған әйелдің қан құюдан кейін АИТВ жұқтырғанын растады.

    «Бұл жағдай министрліктің бақылауында. Тиісті тексерістер жүргізіліп жатыр. Қазір ешкім жауапкершілікке тартылмады деп айта алмаймыз. Тергеу қорытындысы бойынша тисті шешім қабылданады», –  деді ведомство басшысы Мәжіліс кулуарында.