Метка: Әкімдік

  • Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді

    Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді

    Алматыда әкім Дархан Сатыбалды қызметке келгеннен кейін қала әкімдігінің жаңартылған басқару схемасы бекітілді. Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды, мәслихат депутаттары үкіметтің базалық құрылымына сәйкес тиімділікті арттыруға бағытталған өзгерістерді мақұлдады.

    Реформа аясында бірқатар басқармалар біріктіріліп, қайта аталды. Қалалық мобильділік басқармасы екіге бөлінді: жол қозғалысын және жолаушылар тасымалын ұйымдастыру басқармасы, сондай-ақ жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

    Сонымен қатар, депутаттар су айдындарына еркін қолжетімділікті, балық аулау және демалыс құқығын қамтамасыз ететін жалпы су пайдалану ережелерін бекітті. Комиссиялар бойынша шешімдер қабылданып, Ревизиялық комиссия төрағасы Алтай Бердіқұлов қызметінен босатылды.

  • Қонаев қаласындағы №4 жағажайға қатысты әкімдік ресми мәлімдеме жасады

    Қонаев қаласындағы №4 жағажайға қатысты әкімдік ресми мәлімдеме жасады

    Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде Қонаев қаласындағы №4 жағажайға қатысты нақты емес, жалған ақпараттар тарап, қоғамда түрлі пікірлер туындады. Осыған байланысты қала әкімдігі ресми түсініктеме жариялады.

    Ресми мәліметке сәйкес, №4 жағажай — Қонаев қаласының коммуналдық меншігі. Бұл нысан «Жасыл қала Қонаев» мекемесіне сенімгерлік басқаруға берілген. Аталған ұйым жағажай аумағын кәсіпкер Яна Ужбетоваға (Бауыржан Ужбетов) үш айлық шомылу маусымына жалға берген. Екі тарап арасында ресми келісімшарт бекітілген, онда барлық талаптар мен міндеттемелер нақты көрсетілген.

    2023 жылы тұрғындар тарапынан кәсіпкердің әрекеттеріне қатысты әкімдікке бірнеше ресми шағым түскен. Соған қарамастан, биыл да «Жасыл қала Қонаев» кәсіпкермен жалдау келісімін жасады.

    Бұған дейін кәсіпкер жағажай аумағын өз бетінше заңсыз қоршап, жаяу келушілерден төлем алғаны анықталған. Қала әкімдігінің талабымен бұл олқылықтар түзетіліп, қоршаулар алынып, төлем алу тоқтатылған.

    Қазіргі уақытта жағажайда құтқару мұнарасы мен медициналық пункт жоқ. Осыған байланысты кәсіпкерге ресми ескерту жасалды. Қазір ол тек автотұрақ үшін ақы алып отыр.

    Әлеуметтік желіде тараған видеода кәсіпкер жағажай аумағын жеке меншігі ретінде көрсетіп, әкімдікті қысым жасауға тырысты деп айыптаған. Алайда әкімдік бұл мәлімдемені жоққа шығарып, №4 жағажай — қала иелігіндегі жер екенін, ал кәсіпкердің меншікті растайтын ешқандай ресми құжаты жоқ екенін мәлімдеді. Сонымен қатар кәсіпкер тарапынан әртүрлі мемлекеттік органдарға негізсіз шағымдар жолданып жатқаны хабарланды. Ал әкімдіктің қолында келісімшарт пен тұрғындардың шағымдарына қатысты ресми құжаттар бар.

    Қазіргі таңда Қонаев қаласы әкімдігі №4 жағажайды және жалпы ұзындығы 6 шақырым жағалауды абаттандыру жобасын қолға алған. Қазір жоба-сметалық құжаттар дайындалуда. Бұл жобаға №4 жағажай да енеді.

    Әкімдік шағын және орта бизнес өкілдері мен инвесторларға қолдау көрсетуге әрқашан дайын екенін мәлімдеді. Алайда бұл қолдау тек қолданыстағы заң аясында ғана көрсетіледі. Сонымен бірге, тұрғындарға расталмаған ақпаратқа сенбеуге кеңес беріліп, жалған мәлімет тарату және жала жабу фактілері үшін заң алдында жауапкершілік қарастырылатыны ескертілді.

  • Үш адам кәріз емес, ауыз су құдығына түсіп мерт болған:әкімдік пікір білдірді

    Үш адам кәріз емес, ауыз су құдығына түсіп мерт болған:әкімдік пікір білдірді

    Алматы облысындағы Кеген ауданының әкімдігі құдыққа түсіп, мерт болған үш адамның қазасына қатысты пікір білдірді.

    «Көршілерінің айтуынша сағат 18.30 шамасында Аурухана маңы № 22 үйдің жанындағы ауыз су құдығын өз беттерінше жөндеуге түскен. Ешқандай тиісті мекемелерге хабарламаған.

    Өлімінің себебі су құбырына жиналған улы газдан болуы мүмкін, сараптама қортындысымен анықталатын болады.

    Қазіргі таңда қайтыс болған адамдарға сот медициналық сараптама тағайындау үшін Қонаев қаласына жеткізілді»,- делінген Кеген ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі берген хабарламада.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысының Кеген ауданында үш адамның құдыққа түсіп мерт болғанын хабарлаған болатынбыз. Қаза болғандардың ішінде 15 жастағы бала бар.

     

    https://sona.kz/kk/almaty-oblysynda-uesh-adam-qudyqqa-tuesip-koz-zhumdy-5541/