Метка: Актив Ломбард

  • Койнов С.С.-ке қатысты 19 млрд теңгеден астам табысқа байланысты іс сотқа жолданды

    Койнов С.С.-ке қатысты 19 млрд теңгеден астам табысқа байланысты іс сотқа жолданды

    Қаржылық мониторинг агенттігі Койнов С.С. және өзге де тұлғаларға қатысты заңсыз кәсіпкерлік қызмет пен қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыру фактілері бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Sona.kz ҚР ҚМА-ға сілтеме жасап.

    Агенттік мәліметінше, 2025 жылдың қыркүйегінде комиссиондық дүкен ретінде жасырылған ломбардтар желісі арқылы заңсыз микрокредиттеу схемасы анықталған.

    Тергеу деректеріне сәйкес, «Актив Ломбард» желісінің иесі Койнов С.С. микронесиелерді комиссиялық қызмет ретінде рәсімдеу арқылы берген. Бұл үшін оған тиесілі ТОО «Актив Ломбард», сондай-ақ сенімді тұлғаларға рәсімделген бірқатар серіктес компаниялар пайдаланылған.

    Аталған заңды тұлғалар «Актив Маркет» бірыңғай брендімен жұмыс істеп, бір ғимараттарда орналасқан және бір қызметкерлер арқылы қызмет көрсеткен.

    Клиенттермен жасалған комиссия шарттары формалды сипатта болып, күндік сыйақы мөлшерлемесі 1,73%-дан 2,07%-ға дейін жеткен. Бұл заңмен белгіленген шекті мөлшерден бірнеше есе жоғары болған.

    Тергеу барысында 1,9 млн-нан астам шарт жасалып, қылмыстық табыс көлемі 19 млрд теңгеден асқаны анықталған.

    Қылмыстық табысты заңдастыру мақсатында көпдеңгейлі қаржылық схема қолданылып, дивидендтер арқылы 5 млрд теңгеден астам қаражат шығарылған. Сонымен қатар, бағдарламалық қамтамасыз ету қызметтері желеуімен тағы 2,2 млрд теңге дивиденд ретінде алынған.

    Сот санкциясымен жалпы құны 8,9 млрд теңге болатын мүлікке тыйым салынды. Койнов С.С. қамауға алынды, оның төрт сыбайласына қатысты елден шықпау туралы қолхат берілді.

  • АФМ «Актив Ломбард» желісіндегі заңсыз схеманы әшкереледі: шығын көлемі – 3,5 млрд теңге

    АФМ «Актив Ломбард» желісіндегі заңсыз схеманы әшкереледі: шығын көлемі – 3,5 млрд теңге

    Қаржы мониторингі агенттігі «Актив Ломбард» желісі арқылы заңсыз микрокредит беру фактісін анықтады, деп хабарлайды Sona.kz ведомствоға сілтеме жасап.

    Тергеу мәліметінше, желі иесі – блогер Койнов сенімді адамдарға «Актив Маркет» атты комиссиондық дүкендерді рәсімдеген. Алайда іс жүзінде ол дүкендер мүлікті кепілге қойып, заңсыз қарыз берумен айналысқан.

    ? АFM деректері бойынша:
    • займ мөлшерлемесі 15 күнге 16,2% болған (белгіленген шектен 4 есе көп);
    • азаматтардан заңсыз өндірілген сома 3,5 млрд теңгеден асты;
    • кірісті заңдастыру үшін 1,9 млрд теңгеге жалған келісімшарттар жасалған.

    ? Еліміз бойынша 200-ден астам тінту жүргізілді, айғақтар алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

    Айта кетейік, әлеуметтік желідегі парақшасында «Актив Ломбард» АFM-ді «рейдерлік жасады» деп айыптаған.