Метка: Алатау

  • Астана мен Алатауға жеке конституциялық заңдар әзірленеді

    Астана мен Алатауға жеке конституциялық заңдар әзірленеді

    Қазақстанда Астана және Алатау қалалары үшін жеке конституциялық заңдар әзірлеу жоспарланып отыр. Бұл туралы вице-премьер Серік Жұманғарин мәлімдеді.

    Оның айтуынша, жаңа заңдар аталған қалалардың ерекше мәртебесін айқындап, олардың дамуына қосымша құқықтық негіз қалыптастыруға бағытталған.

    Алатау қаласы үшін «жедел даму қаласы» режимін енгізу ұсынылуда. Бұл режим аясында арнайы салық шарттары қарастырылып, инвестицияларды қорғау тетіктері күшейтіледі.

    Сондай-ақ Алатауда жаңа технологияларды енгізу көзделген. Атап айтқанда, пилотсыз көлік жүйелері мен цифрлық активтерді дамыту жоспарланып отыр.

    Ал Астана қаласы үшін басқарудың жеке тетіктері әзірленбек. Олар қала құрылысы, көші-қон және көлік салаларын қамтиды.

    Үкімет өкілдерінің пікірінше, қабылданатын заңдар инвестиция тартуға және басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

    Серік Жұманғариннің мәліметінше, Алатау қаласына қатысты заң жобасы 27 наурызда екінші оқылымда қаралады. Ал Астана мәртебесіне қатысты құжат сәуір айының соңына дейін Мәжіліске енгізіледі.

  • Алматы метросын Алатау қаласына дейін ұзарту жоспарлануда

    Алматы метросын Алатау қаласына дейін ұзарту жоспарлануда

    Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі жаңартылған Бас жоспарын талқылау барысында мегаполистегі метрополитенді дамытуға қатысты жаңа бастамалар жарияланды. «Алматыгенплан» ҒЗИ бас директоры Асхат Садуовтың айтуынша, қолданыстағы метро желісін кеңейту және оны қала маңындағы аумақтармен, соның ішінде Алатау қаласымен байланыстыру мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Жоспарға сәйкес, қазіргі «қызыл» желі «Барлық» станциясына дейін ұзартылып, одан әрі Алматы-1 теміржол вокзалымен біріктірілуі мүмкін. Бұл шешім ірі көлік тораптарын өзара байланыстыруға бағытталған классикалық тәсіл ретінде қарастырылады. Осылайша, метро желісі қала ішіндегі және қала маңындағы жолаушылар ағынын тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді.

    Бұдан кейін аталған желіні солтүстік бағытта жалғастырып, болашақта жоспарланып отырған «жасыл» желімен интеграциялау көзделген. Бұл өзгерістер Алатау қаласынан Алматыға дейін жылдам әрі қолжетімді көлік қатынасын қамтамасыз етуге бағытталған. Мамандардың айтуынша, метрополитеннің қала шегінен шығуы агломерациялық дамуға серпін береді.

    Сонымен қатар Алматыда жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесін дамыту да қатар қарастырылып отыр. Жобаға сәйкес, LRT желісі «Барлық» станциясынан басталып, Төле би көшесі арқылы өтіп, Абылай хан даңғылымен Алматы-2 вокзалына, одан әрі Райымбек даңғылы мен жаңа Хмельницкий көшесі арқылы қаланың шығыс және оңтүстік бөліктерімен байланысады.

    Қазіргі уақытта LRT жобасының бірінші кезеңіне арналған техникалық-экономикалық негіздеме аяқталу сатысында. Құжат бекітілгеннен кейін құрылыс-монтаж жұмыстарының нақты мерзімдері айқындалады. Жобаны іске асыру үшін EPC-келісімшарт форматы қарастырылып отыр, яғни мердігер жобалаудан бастап құрылысты толық өз мойнына алады.

    Қала билігі мұндай келісімшарттар бастапқыда қымбат болуы мүмкін екенін мойындайды, алайда қысқа мерзімде жүзеге асырылуы есебінен экономикалық тұрғыда тиімді болады деп есептейді. Әлемдік тәжірибеде, соның ішінде Қытай мен Ресейде, ірі көлік инфрақұрылымдары қысқа уақыт ішінде салынатыны мысалға келтірілді.

    Айта кетейік, Алматыда метро құрылысы да қарқынды жалғасуда. «Қалқаман» станциясындағы құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады деп жоспарланған. Жалпы, жаңартылған Бас жоспар қоғамдық көлікті басым бағыт ретінде дамытуға, метро желілерін кеңейтуге, LRT және BRT жүйелерін іске қосуға және автобус жолақтарын көбейтуге басымдық береді.

  • Қазақстан Алатау мен Алматы арасында әуе таксиін іске қоспақ

    Қазақстан Алатау мен Алматы арасында әуе таксиін іске қоспақ

    Қазақстан инновациялық көлік дәуіріне қадам баспақ – жақын жылдары Алатау мен Алматы арасында әуе таксилер қатынайды, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Жасанды интеллект министрлігі, америкалық Joby Aero, Inc. компаниясы, қазақстандық Alatau Advance Air Group Ltd және кәсіпкер Вячеслав Ким арасында $300 миллион долларлық келісімге қол қойылды.

    Жоба Urban Air Mobility – қалалық әуе мобильділігі жүйесін дамытуға бағытталған. Оның аясында сынақ алаңы құрылып, сертификаттау және демонстрациялық ұшулар өткізіледі. Кейін әуе таксилер Алатау мен Алматының көлік инфрақұрылымына қосылады.

    «Қазақстан инновациялық көлік жүйесіне қадам басуда. Электрлі eVTOL ұшақтарын сатып алу – “ақылды қалаларды” дамыту жолындағы маңызды кезең», – деді вице-премьер, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев.

    Алатау қаласы арнайы экономикалық аймаққа кіреді, мұнда салықтық жеңілдіктер мен инвестициялық артықшылықтар қарастырылған.

    Анықтама:
    ? Joby Aero, Inc. (АҚШ) – eVTOL ұшақтарын шығаратын әлемдік көшбасшы.
    ? Вячеслав Ким – Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы, «Алатау қаласы» жобасының инвесторы.
    ? Alatau Advance Air Group Ltd – Қазақстандағы әуе мобильділік технологияларының операторы.

  • Тоқаев Алатауға инновациялық арнайы мәртебе берді

    Тоқаев Алатауға инновациялық арнайы мәртебе берді

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, Алматы агломерациясына кіретін Алатау қаласы озық даму қаласы мәртебесін алды.

    Құжатқа сәйкес, Алатоуда инвестиция тартуға, құрылысқа, Smart City технологияларын, жасанды интеллектіні, криптовалютаны және Web3 жобаларын дамытуға арналған арнайы ережелер енгізіледі.

    Қала ерекше салықтық режимге, инвестицияларды қорғау шараларына және халықаралық қорларға қолжетімділікке ие болады. Сонымен қатар жаңа заңдар мен технологиялар пилоттық негізде дәл осы жерде сыналады.

    Жоба Қазақстандағы басқа қалалардың болашақ дамуына үлгі болуы мүмкін.

  • 25 % айлығымызды қиып тастады: Алатаулық ұстаздар бас көтеріп жатыр

    25 % айлығымызды қиып тастады: Алатаулық ұстаздар бас көтеріп жатыр

    Алматы облысында жаңадан құрылған Алатау қаласының ұстаздары бас көтеріп жатыр. Көпшіліктің айтуынша, олардың айлығын 25 пайызға қысқартып тастаған. Осы жайтқа наразы мұғалімдер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жариялап, көмек сұрап жатыр. Сондай-ақ, дәл осы мәселенің әділ шешілуіне Оқу-ағарту министрі Ғани Бисембаев пен Мәжіліс депутаттары да араласса  дейді, ұстаздар  қауымы.

    Алатаулық ұстаздардың наразылығына қаланың білім бөлімі жазбаша былай деп жауап берді.

    «2024 жылғы 1 қазанда Алатау қаласындағы №1 және №47 мектептерінің педагогикалық ұжымдары жергілікті мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесті. Бұған дейін аталған мектеп ұжымдары әкімшілік-аумақтық құрылыстың өзгеруіне байланысты жалақы мөлшерінің өзгеруіне қатысты алаңдаушылықтарын білдірген болатын.

    Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 9 қаңтардан бастап Алатау қаласының құрамына бұрын Алматы облысының Қонаев қаласына, Іле және Талғар аудандарына қарасты бірқатар елді мекендер енгізілді. Осыған орай, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аталған аумақтарда тұратын бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақы төлеу жүйесінде өзгерістер орын алды», — делінген Алатау қаласы Білім бөлімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

    Сондай-ақ, ведомство қызметі туындаған мәселелерді жан-жақты қарау мақсатында кездесуге Алатау қаласы әкімінің орынбасары, қалалық білім бөлімінің басшысы, сондай-ақ облыстық білім және ішкі саясат басқармаларының өкілдері қатысқанын жеткізді.

    «Нәтижелі диалог барысында еңбекақы төлеу мәселелерімен қатар, тұрғындардың өзекті мәселелері — көлікпен қамтамасыз ету, қоқыс шығару, газбен жабдықтау мәселелері де талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша педагогикалық ұжымдармен өзара түсіністікке қол жеткізілді», — деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

  • Алатауда ер азамат 11 жасар қыздарға мүшесін көрсеткен

    Алатауда ер азамат 11 жасар қыздарға мүшесін көрсеткен

    Алматы облысының Алатау қаласында жаға ұстатар жағдай орын алды. Арна ауылының 52 жасар тұрғыны 2013 жылы туған екі қызға мүшесін көрсеткен. Sona.kz тілшісінің мәліметінше, оқиға тал түсте болған.

    Дереккөздің ақпаратынша, қыздың бірі бұл жайтты телефонға түсіріп алып, ата-анасына көрсеткен. Олар бірден полиция қызметіне хабар берген. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

    Қазір балалар үйлерінде, денелеріне ешқандай зақым келмеген. Олармен психологтар жұмыс істеуде.

  • Алатау қаласының құрамына бірнеше жер учаскесі өтеді

    Алатау қаласының құрамына бірнеше жер учаскесі өтеді

    Бұл туралы шешім облыстық мәслихаттың кезекті отырысында шығарылды.

    «Алматы облыстық мәслихаты шешімінің және Алматы облысының әкімдігі қаулысының қосымшасына сәйкес, Алатау қаласының шекарасына жалпы ауданы 88267,0086 гектар жер учаскелерін қоса отырып, белгіленсін», — делінген құжатта.

    Алдағы уақытта Алатау қаласының құрамына Қонаев қаласынан 10937,0052 гектар, Іле ауданынан 65213,0004 гектар және Талғар ауданынан 12117,003 гектар жер телімі өтеді. 

    Құжат қоғамдық талқы үшін «Ашық НҚА» сайтына 23 шілдеге дейін орналастырылды.