Метка: Әлем чемпионы

  • Ризабек Айтмұхан үш дүркін әлем чемпионы атанды

    Ризабек Айтмұхан үш дүркін әлем чемпионы атанды

    Тиранада (Албания) 23 жасқа дейінгі жастар арасында еркін күрестен өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ризабек Айтмұхан жеңімпаз атанды.

    Қазақстандық балуан 97 келіге дейінгі салмақта финалда ирандық Махди Морафамен белдесті.

    Бірінші кезең 2:2 есебімен тең аяқталғанымен, соңғы ұпайды Ризабек алды. Екінші кезеңде ол 6:2 есебімен алға шықты. Сосын 10:4-ке жеткізді. Қорытынды есеп – 11:6, Ризабектің пайдасында.

    Р.Айтмұхан 2023 жылы ересектер арасында әлем чемпионы атанса, биыл 20 жасқа дейінгілер арасында дүниежүзілік додада топ жарғаны белгілі.

    Тағы бір қазақстандық Алан Оралбек (57 кг) қола жүлде үшін бәсекеде ресейлік Юнус Явбатыровпен белдесіп, 2:6 есебімен есе жіберді. Сөйтіп ол медальсіз қалды.

    Дүйсенбі күні грек-рим күресі шеберлері де кілемге шығады.

  • Ангелина Лукас әлем чемпионы атанды

    Ангелина Лукас әлем чемпионы атанды

    Қазақстандық боксшы қыз Ангелина Лукас (10-1, 5 КО) Бангкокта (Тайланд) өткен бокс кешінде өнер көрсетті. Ол әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасты, деп хабарлайды Sports.kz.

    Ол аргентиналық спортшы Анай Лопеспен (21-2-1, 1 КО) күш сынасты. Олар екінші аса жеңіл салмақта бос тұрған IBO атағын сарапқа салды. Жекпе-жек 2 минуттан 10 раундқа есептелген болатын. Кездесу төрешілердің шешімімен қазақстандық боксшының пайдасына шешілді.

    Осылайша, Ангелина Лукас кәсіби бокстағы 11-жеңісіне қол жеткізіп, IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды. Ал оның қарсыласы Дебора Анай Лопес кәсіби бокста 3-рет жеңілді.

    Айта кетсек, Ангелина биыл WIBF және WBF нұсқалары бойынша екінші дәрежелі чемпиондық белдіктерді жеңіп алған болатын.