Метка: Әлем

  • Alem: «91-ді масон деді – зерттеп көрдік»

    Alem: «91-ді масон деді – зерттеп көрдік»

    Танымал әнші, 91 тобының мүшесі Alem «Айқап» подкастында қоғамдағы конспирологиялық пікірлерге қатысты ойын айтты. Оның айтуынша, топ мүшелеріне қатысты «масон» деген қауесет ел арасында өздігінен пайда болған.

    «Бізге «масон» деп атақ тақты. Содан кейін «масон деген кім өзі?» деп өзіміз қызығып, зерттей бастадық. Шын мәнінде, бұл әңгімені бастаған біз емес – халықтың өзі», – деді Alem.

    Әншінің айтуынша, бір ғана конспирологияға үңілсең, соңынан сан түрлі теория мен күмәнді тұжырымдар еріп шығады.

    «Бірін зерттесең, артынан миллион түрлісі шыға береді екен. Шеті жоқ дүние», – деп түйіндеді ол.

    91 тобына қатысты түрлі болжамдар мен пікірлер көп айтылғанымен, музыкант бұл пікірлерге салмақпен қарап, ашық ізденіс арқылы көз жеткізгенін жеткізді.

  • «91» тобын Сәтпаев қаласынан концертке кіргізбей қойған — Alem

    «91» тобын Сәтпаев қаласынан концертке кіргізбей қойған — Alem

    «91» тобының мүшесі Alem «Айқап» подкастында топтың кейбір қалаларда концерт өткізуіне тосқауыл қойылғанын айтты. Оның сөзінше, Түркістанда жоспарланған шара өтпей қалған. Ал Сәтпаевта жағдай одан да күрделі болған.

    «Сәтпаев қаласына кіре алмадық. Бір рет барғанымызда артымыздан көлікпен қуды. Формалы ағалар бізді қонақүйге кіргізіп, ертесіне ұшаққа салып кері қайтарды», — дейді Alem.

    Музыкант бұл оқиғаның ушығуына әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған арандатушылық хабарламалар себеп болғанын айтты. «WhatsApp-та «91 тобын ұрып-соғып, видеоға түсірсеңдер — ақша береміз» деген ақпарат тараған», — дейді ол.

    Дегенмен, Alem Атырау мен Ақтауда мұндай қиындықтар болмағанын атап өтті.

  • Мұнай бағасы күрт өсті

    Мұнай бағасы күрт өсті

    Әлемде мұнай бағасы 5 пайызға өсті. «Би-Би-Си»-дің хабарлауынша, бұған АҚШ президенті Джо Байденнің мәлімдемесі түрткі болған. Ақ үй басшысы «Израиль Иранның мұнай зауыттарына соққы бере ме? » деген сұраққа «біз оны талқылап жатырмыз» деп жауап берді. Дүйсенбіден бері «Брент» маркалы мұнай 10 пайызға қымбаттаған. Қазір оның бір баррелі 77 долларға сатылып жатыр.

  • Жапонияда ер адам өлім жазасын күтіп түрмеде 56 жыл отырған

    Жапонияда ер адам өлім жазасын күтіп түрмеде 56 жыл отырған

    Жапонияда 88 жастағы ер адам өлім жазасын күтіп түрмеде 56 жыл отырған. Бірақ өткен тәулікте сот Ивао Хакамаданы ақтап шығарды. Себебі ол 1966 жылы тұтас бір отбасыны өлтірді деген айып жалған болып шықты. Айта кетсек, бұл — әлемдегі үкімнің орындалуын күткен ең ұзақ мерзім. Адвокаттарының айтуынша, ондаған жылдар бойы ең ауыр жазаны күткен Хакамада психикалық ауруға шалдыққан. Сондықтан қария кешегі сот тыңдалымына қатыса алмады.

  • АҚШ-та дауыл жылдамдығы 225 шақырымға жеткен

    АҚШ-та дауыл жылдамдығы 225 шақырымға жеткен

    АҚШ-тың Флорида штатында «Элен» дауылы соқты. Ол бұл аймаққа сағатына 225 шақырым жылдамдықпен жеткен. Соңғы мәліметке қарағанда, бір адам қаза тапты. Америкалықтың үстіне жол бойындағы белгі құлап кеткен. Жауындатып жеткен дауылдан кейбір елді мекендер мен қалаларды су басты. Жергілікті билік халықты қауіпті аудандардан көшуге шақырып отыр. «Ассоушиэйтед пресс» агенттігінің хабарлауынша, Флоридада бір миллиондай, Джорджияда 50 мыңдай үй мен кәсіпорын жарықсыз қалды. Осы штаттмермен бірге Алабама, Каролина, Вирджина штаттарында да төтенше жағдай жарияланған.

  • Ливанда жарылыс: 2800 адам жараланып, 9 адам қаза тапты

    Ливанда жарылыс: 2800 адам жараланып, 9 адам қаза тапты

    Ливанда «Хезболла» тобының байланыс құралы ретінде қолданылатын пейджерлер бір мезетте жарылып, 2800 адам жараланды. 9 адам қаза тапқан. Олардың біреуі — 8 жастағы қыз, қалғандары — қарулы топ мүшелері. Хезболла жарылған пейджерлер топтың бөлімшелері мен институттарының қызметкерлеріне тиесілі екенін және 8 жауынгерінің мерт болғанын растады. Бұған қоса, бұл оқиға қауіпсіздік күштерінің ең ірі сәтсіздігі екенін де мойындады. «Би-Би-Си»-дің мәліметінше, пейджерлерге 10-20 грамм аралығында күшті жарылғыш зат салынған болуы мүмкін. «Хезболла» жарылысқа Израильді айыптап отыр. Ал соңғысы әзірге бұған қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

     

     

  • Түрік отбасы Қазақстаннан алған әсерімен бөлісті

    Түрік отбасы Қазақстаннан алған әсерімен бөлісті

    V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын көру үшін Қазақстанға келген түрік отбасы елден алған әсерімен бөлісті.

    «Қазақстан туында неге күн бар екенін енді түсіндік. Бұл жақта күннің шығуы мен батуы өзгеше әдемі»,- деп жазған түрік саяхатшы отбасы өздерінің желідегі парақшасында.  https://www.instagram.com/oralarnereler/

    Бурак пен Идил Қазақтан жайлы бірнеше фото, виидео салып, алған әдемі әсерлерімен бөліскен.

    Естеріңізге сала кетейік, Астанада өтетін 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарын көру үшін  түрік отбасы  Анкарадан автобуспен шыққан.  Олар елордаға дейін 5400 шақырым жол жүріп келді.

    Ерлі-зайыпты Идил мен Бурак екі жастағы ұлымен бірге Түркиядан 12-тамыз күні шыққан. Олар Түркия, Грузия, Ресей, Татарстан арқылы 21 қонақта жетті.