Метка: Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

  • Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшылығы жауапқа тартылды

    Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшылығы жауапқа тартылды

    «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ мен оның өңірлік филиалдарының басшылық құрамының 11 лауазымды қызметкері мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

    Жоғары аудиторлық палата Қорда жүргізілген тексеру іс-шараларын биыл шілдеде аяқтады. Нәтижесінде ҚР-ның бюджет және өзге де заңнамалары бойынша, сондай-ақ ұйымның ішкі нормативтік құжаттарынан бұзушылықтар анықталды. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі мен ӘМСҚ басшылығына лауазымды адамдардың жұмысты тиісінше ұйымдастырмағаны және жіберілген бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тарту тапсырылды, – делінген Жоғары аудиторлық палата хабарламасында.

    Ақпаратқа сәйкес, ӘМСҚ мен оның өңірлік филиалдары басшылық құрамының 11 өкілін, оның ішінде Қордың басқарма төрағасының бір орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданды.