Метка: әлеуметтік төлем
-

Қазақстанда екі әлеуметтік төлем артады
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін еңбекке жарамсыздық пен асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер 10 пайызға индексацияланады, деп хабарлайды Sona.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.Ведомствоның мәліметінше, төлем мөлшері әрбір жағдайда жеке есептеледі. Ол соңғы екі жылдағы орташа айлық табысқа, еңбекке жарамсыздық коэффициентіне, асырауындағы адамдар санына және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты.Өткен жылы:•Асыраушысынан айырылған 66 мың отбасы 25,3 млрд теңге алды. Орташа айлық төлем – 74 460 теңге.•Еңбекке жарамсыз болған 97 мың адамға 34,5 млрд теңге төленді. Орташа төлем – 71 468 теңге.? Асыраушысынан айырылу төлемі 18 жасқа дейін, ал күндізгі бөлімде оқыса – 23 жасқа дейін тағайындалады.? Еңбекке жарамсыздық төлемі МӘСҚ қатысушыларына мүгедектік бойынша мемлекеттік жәрдемақыға қосымша төленеді және 30%-дан 100%-ға дейінгі еңбекке жарамсыздық дәрежесінде беріледі.Еске салайық, қыркүйектегі Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік қолдау жүйесін сынға алып, көмектің көбіне шынайы мұқтаждарға емес, санаттарға бөлініп берілетінін айтты. Мемлекет басшысының пікірінше, артық жеңілдіктер масылдықты күшейтіп, даму ресурстарын тежейді. -

Қызылордада «Смарт ойл» зауытының жұмысшылары жалақы мен әлеуметтік төлемдерді талап етті
Қызылордадағы мұнайбұрғылау зауыты «Смарт ойл» қызметкерлері бірнеше айдан бері жалақыларын уақытылы ала алмай отырғандарын айтып, наразылық білдірді, деп хабарлайды Sona.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Жұмысшылардың айтуынша, жалақы екі айға дейін кешіктіріледі, ал зейнетақы мен медициналық аударымдар 2023 жылдан бері аударылмаған.
— «Зарплатаны көтерді, 40 мың қосты. Бірақ бәрібір жетпейді, кредитіміз бар. Қазір 240 мың аламын. Бүкіл отбасы осы ақшаға қарап отыр. Оның өзін уақытында бермейді. “10-ынан кейін аласыңдар” дейді де, айдың соңына қалдырады. Енді екінші ай болды, кешіктіріп жүр», – дейді жұмысшы Батырхан Айтмырзаев.
— «2023 жылдан бері зейнетақы аударылмайды. Жалақыдан ұстайды, бірақ бізге түспейді. Қайта-қайта сұрасақ, басшылық тек уәде береді», – дейді Қуанышбек Тойжанов.
Зауыт экологиялық қолайсыз аймақта орналасқандықтан, заң бойынша қосымша 5% үстемеақы төленуі тиіс. Алайда жұмысшылар бұл ақыны ешқашан алмаған.
Журналистер басшылықтан пікір алуға тырысқанда, зауыт әкімшілігі есік-терезесін жауып алған. Қызметкерлерге де тек «сәл шыдаңдар» деген жауап қайтарылған.
Зауыт Forbes тізіміндегі кәсіпкер Серікжан Сейтжановқа тиесілі. Оның отбасы «Онтустик» компаниясы арқылы «Саутс Ойл»-дың 51%-ын, «МұнайҚұрылысСервис», «Стандарт Цемент», «Talas Investment Company», сондай-ақ Standard Petroleum & Co үлесін бақылайды. Бұған қоса, Сейтжановтар Шымкент пен Түркістандағы Rixos қонақүйлерін, Satti Zhol жанармай құю станцияларын, ОҚМ академиясын және Инновациялық-технологиялық колледжді иеленген.
Былтыр олигархтың Шымкенттегі мұз сарайы мемлекетке қайтарылған еді.
Қазір ондаған отбасы 240 мың теңге айлықпен күн көріп отыр. Жалақы тағы да кешіктірілсе, жұмысшылар еңбек инспекциясына жүгінетінін мәлімдеді.
-

Зиянды жұмыс: 12 мыңға жуық адамға жәрдемақы тағайындалды
Биыл 12 мыңға жуық қазақстандыққа әлеуметтік төлем тағайындалды.
Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі мәлім етті.
Қаражат зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істегендерге төленеді. Өтініштердің басым бөлігі Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелген. Төлемді алу үшін жұмысшы келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс. Біріншіден, зиянды жұмыс орнында кем дегенде 7 жыл еңбек етуі керек. Екіншіден, жасы 55-ке толуы шарт. Үшіншіден, жұмыс берушісі өз есебінен оған 7 жыл бойы зейнетапқы қорына кәсіптік зейнетақы жарналарын аударып тұруы қажет. Ақша зейнеткерлік жасқа дейін төленеді. Қаражаттың жалпы орташа мөлшері 200 мың теңгеден асады.Ал, әрбір жұмыскер үшін төлем мөлшері зейнетақы қорындағы жинақтарына байланысты болады. Еске салайық, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем енгізілген болатын.