Метка: Алика Мухамадиева

  • Қарағандыда Алика Мұхамадиеваға 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

    Қарағандыда Алика Мұхамадиеваға 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

    Қарағандылық 23 жастағы Алика Мұхамадиева ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін кінәлі деп танылып, 3,5 жылға сотталды.

    Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Жаздың ортасында Мұхамадиеваның Threads желісіндегі пікірлері әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Ол кей жазбаларында Қазақстан мен мұсылмандарға қатысты орынсыз пікір білдірген. Кейін көпшіліктен кешірім сұрап, елден кетуге тырысқан, бірақ ұсталып, шамамен төрт ай тергеу изоляторында болды.

    Қазан айында ҚК 174-бабы 1-бөлігі (“Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру”) бойынша сот процесі басталды. Прокуратура 4,5 жыл сұраған болатын.

    Бүгін өткен соңғы отырыста Мұхамадиева тағы да кешірім сұрап, өкінетінін айтты:
    «Барлығына шын өкінемін. Ең қиыны — қызымнан алыстап қалу. Қазір бәрінен бұрын сонымен бірге болғым келеді», — деді ол көзіне жас алып.

    Сот үкімі бойынша, оған 3,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, бірақ жаза екі жылға кейінге қалдырылды.

  • Алика Мұхамадиева ісі бойынша сот шешімі бүгін шығады

    Алика Мұхамадиева ісі бойынша сот шешімі бүгін шығады

    Қарағандыда әлеуметтік желідегі жазбалары үшін ұлтаралық және діни араздық қоздырды деп айыпталған 22 жастағы кәсіпкер Алика Мұхамадиеваға қатысты сот ісі аяқталуға жақын, деп хабарлайды Sona.kz ZTB -ға сілтеме жасап.

    Бүгін сотта айыпталушы соңғы сөзін айтып, тағы да көпшіліктен кешірім сұрады.
    «Барлығына шын өкінемін. Мен кінәмді толық мойындаймын. Маған сенім артқан адамдардың алдында ұялдым. Ең қиыны — қызымнан алыстап қалу. Қазір бәрінен бұрын сонымен бірге болғым келеді», — деді ол.

    Еске сала кетейік, Мұхамадиева әлеуметтік желіде (Threads) ұлтаралық және діни араздық белгілері бар пікірлер қалдырған еді. Кейін ол жұрттан кешірім сұрағанымен, бұл оны жауапкершіліктен босатпады.

    Прокуратура 4,5 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.
    Сот шешімі бүгін сағат 17:00-де жарияланады.

  • Қарағандыда Threads желісінде жазба жариялағаны үшін 22 жастағы Алика Мұхамадиева сот алдында жауап беруде

    Қарағандыда Threads желісінде жазба жариялағаны үшін 22 жастағы Алика Мұхамадиева сот алдында жауап беруде

    Қарағандыда 22 жастағы Алика Мұхамадиеваға қатысты сот процесі басталды. Ол әлеуметтік және ұлттық алауыздықты қоздырды деген айыппен жауапқа тартылуда, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Қылмыстық іс Қазыбек би аудандық сотында қаралуда. Отырысты судья Арғын Құтышев жүргізіп отыр. Айыпталушыға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабы, 1-бөлігі бойынша («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздыру») айып тағылған.

    Сот отырысы ашық форматта өтуде. Алайда Мұхамадиева мен оның қорғаушысы журналистерге айыпталушының жүзін фото және бейнежазбаға түсірмеу туралы өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырды. Прокурор Фарида Сәдуова процесті жабық өткізуді сұрағанымен, сот бұл ұсынысты қабылдамады.

    Соттың мәліметінше, Алика Мұхамадиева — жүк жеткізу және киім дүкені бизнесін жүргізетін кәсіпкер. 2025 жылдың жазында ол Threads әлеуметтік желісінде жазған пікірлерінен кейін қоғам назарын аударған.

    Айыпталушы сотта кінәсін толық мойындап, өкініш білдіріп, халықтан кешірім сұрады. Қорғаушысы істі қысқартылған тәртіпте қарауды сұрады.

    Бұған дейін Мұхамадиева өзінің сөздері контекстен үзіп алынғанын және ешкімнің намысына тию ниеті болмағанын айтқан еді. Қазір ол қамауда отыр, іс бойынша тергеу жалғасуда.