Метка: әлімжеттік

  • СҚО спорт-интернатында жанжал: ата-ана баласын «әлімжеттік пен бопсалауға» ұшырағанын айтты

    СҚО спорт-интернатында жанжал: ата-ана баласын «әлімжеттік пен бопсалауға» ұшырағанын айтты

    Солтүстік Қазақстан облысындағы Олимпиадалық резерв спорт мектебі-интернатында жанжал шықты. Жетінші сынып оқушысының анасы ұлы мен оның сыныптастары үлкендердің әлімжеттік пен бопсалауына тап болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sona.kz Qazaqstan Media-ға сілтеме жасап.

    Айтуынша, балаларды ұрып-соғып, тамақтарын тартып алып, «салық» жинауға мәжбүрлеген. Қарсылық білдіргендерге қатаң жазалаймыз деп қорқытқан. Анасы кінәлілерге қылмыстық жауапкершілік жүктеуді талап етуде.

    Интернат басшылығы тексеріс басталғанын хабарлады. Оған тәрбиешілер, психологтар, ата-аналар және құқық қорғау органдары қатысып жатыр. Фактілер расталса, оқушыларды оқудан шығару, ал педагогтарға қатысты шара қолдану қарастырылған.

    Ал облыстық полиция департаменті ресми арыз түспегенін, бірақ тексеру басталғанын мәлімдеді.

    Бұл оқу орнында бұрын да жанжалдар болған: 2014 жылы ата-аналар дәл осындай «әлімжеттік» пен зорлық-зомбылықты көтерген еді.

  • Семейдегі әлімжеттік: Берік Уәли істі егжей-тегжейлі тергеуді тапсырды

    Семейдегі әлімжеттік: Берік Уәли істі егжей-тегжейлі тергеуді тапсырды

    Абай облысының әкімі Берік Уәли Семейдеге жасөспірімдер арасындағы жағдайға қатысты пікір білдіріп, баланы ұрып-соғу фактісі бойынша егжей-тегжейлі қызметтік тергеу жүргізуді тапсырды.

    Шенеуніктердің, полиция мен прокуратура өкілдерінің, сондай-ақ балалар омбудсменінің қатысуымен өткен кеңесте жаңа әкім жауапты тұлғаларға тәртіптік шара қолдану керегін айтты.

    «Аймақтың барлық мектептерін қатаң бақылауда ұстау керек. Білім басқармасы құқық қорғау органдарымен бірлесіп оқушылармен және олардың ата-аналарымен жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Облыстың оқу орындары үшін тәуекелдер картасы, сондай-ақ мұндай жағдайларда жедел әрекет етудің нақты алгоритмі әзірленуі тиіс», –  деп міндеттеді Берік Уәли.

    Қазіргі таңда полиция тергеу жүргізіп жатыр, ал балалар құқықтарын қорғау комиссиясы ұрып-соғуға қатысы бар төрт жасөспірімді арнайы мектепке жіберу туралы шешім қабылдады. Құқық бұзушылардың ата – аналары әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

    «Зардап шеккен адамға облыстық психологиялық қолдау орталығының мамандары көмек көрсетеді. Облыстың білім басқармасы жанынан арнайы мониторингтік топ құрылды. Қазір қызметтік тергеу жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша мектеп басшылығының тәрбие және профилактикалық жұмысты ұйымдастырудағы кемшіліктері үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылу туралы мәселе қаралатын болады», – деп атап өтті әкімдіктегілер. 

  • Президент Ұлттық ұлан сарбазына қатысты оқиғаны бақылауына алды

    Президент Ұлттық ұлан сарбазына қатысты оқиғаны бақылауына алды

    ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының әскердегі әлімжеттікке қатысты Ішкі істер министріне шұғыл тапсырма жүктегенін мәлімдеді.
    Ол: «Президент белгісіз адамдардың Ұлттық ұлан сарбазын пойыз тамбурында ұрғаны таспаланған бейнематериалмен танысып шықты. Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қаскөйлерді ұстап, заңнамаға сәйкес жауапқа тарту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Әскердегі және басқа да күштік ұйымдардағы зорлық-зомбылықтың барлық фактісі Президентке баяндалады. Мұндай жағдайлар бақылауға алынады», – деді әлеуметтік желідегі жазбасында.
    Айта кету керек, Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында жас сарбаздардың денсаулығы мен абырой-беделіне қол сұғуға жол бермеу қажет екеніне назар аударған еді. Сонымен қатар бұл мәселеге әскери құрылымдардың басшылары тікелей жауапты екенін айтқан болатын.
  • «Әскердегі әлімжеттік»: Ұлттық ұлан желіде тараған бейнежазбаға қатысты түсініктеме берді

    «Әскердегі әлімжеттік»: Ұлттық ұлан желіде тараған бейнежазбаға қатысты түсініктеме берді

    «Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында ҚР Ұлттық ұланының формасын киген азаматқа азаматтық киімдегі белгісіз тұлға қорлық көрсетіп жатқан бейне анықталды.

    2024 жылғы 23 қыркүйекте Батыс өңірлік қолбасшылығы әскери полициясы әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынастардың уставтық ережелерін бұзу туралы ҚР ҚК 440-бабының 1-бөлігі бойынша алдын ала тергеу бастады» деп мәлімдеген Ұлттық ұланының «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі.

    Қазір бұл іске қатысты тергеу басталды.

     

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от SONA.KZ — НОВОСТИ КАЗАХСТАНА (@sonanews.kz)

  • Ақтөбе облысындағы оқушы өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болды

    Ақтөбе облысындағы оқушы өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болды

    Ақтөбе облысындағы оқушы өлімімен аяқталған төбелес кезінде он бес баланың  болғаны анықталды. Оның бес-алтауы мұғалімдердің балалары, дейді марқұрмның әпкесі. Марқұның жақыны олардың тамыр-таныстары көп болғандықтан  жауапкершілікке тартылмай қала ма, деп алаңдап отыр. Сондықтан істің әділ тергелуін талап етеді. Облыстық прокуратура өкілдері оқушы өліміне қатысты үш жасөспірімнің қамауға алынғанын хабарлады. Полиция, күдіктілер ешбір сыбайластарына қарамастан жазаға тартылатынын айтты. Ауданға арнайы комиссия жіберілді. Қайғылы оқиғадан кейін мектеп директоры қызметінен босатылды.

    «Бойы ұзын, ірі болатын. Әрқашан өзінің сыныптастарын қорғап жүретін. Сол кезде балалар айтыпты, естіп жатырмыз, Нұржанды қаттырақ ұрыңдар деген екен. Жанды жерлерінен соқққан.  Ең сорақысы он бес бала бола тұра менің інімді далаға, өлім аузына тастап кете барған», -деді марқұмның әпкесі АЯЖАН СЫДЫҚОВА

    Марқұмның туыстары жоғары сыныпта оқитындар кішілеріне әлімжеттік жасағанын айтады. Әрі бұл жағдай бірнеше жыл бойы жалғасып келгеніне сенімді. Бұл мәліметтерді қаза болған он төрт жастағы Нұржанның әпкесі айтып берді.Оқушы өлімімен аяқталған оқиға 2-ші қыркүйекте, кешкі мезгілде ауыл сыртындағы ескі моншаның аумағында болған. Жоғары сынып оқушылары тоғызыншы сыныпта оқитындарды ұрған.