Метка: Әлішер Елікбаев

  • “Әлішер Елікбаев салық дауына нүкте қойды: сот блогердің пайдасына шешім шығарды”

    “Әлішер Елікбаев салық дауына нүкте қойды: сот блогердің пайдасына шешім шығарды”

    Танымал қазақстандық блогер Әлішер Елікбаев өзін салықтан жалтарды деп айыптаған Мемлекеттік кірістер комитетін сотқа беріп, істі ұтты, деп хабарлайды Sona.kz Azattyq Rýhy-ға сілтеме жасап.

    Осы жылдың ақпан айында әлеуметтік желілерде салық төлемеген блогерлердің тізімі жарияланып, онда Елікбаевтың аты да аталған еді. Блогерге екі жыл ішінде 5 млн теңге төлемеген деген айып тағылған.

    Елікбаевтың айтуынша, кейбір әріптестері салық органдарымен келісіп, қарыз сомасын азайтқан. Ал оған «кемінде аз мөлшерде салық төлеу» ұсынылса да, ол сот арқылы әділдігін дәлелдеуді таңдаған.

    «Мен жылдар бойы салықты уақытында төлеп, жарнаманы белгілеу талаптарын сақтап келемін. Қайырымдылық мақсатында жиналған қаражатты өз табысым ретінде ешқашан пайдаланған емеспін», – дейді блогер.

    Ол салық органдарына тиісті түбіртектер мен дәлелдерді ұсынғанымен, ведомство оны жауапсыз салық төлеушілер қатарына қосқан. Ақырында, сот салықшылардың әрекетін заңсыз деп танып, толыққанды тексеруден бас тартты.

  • «Ақордада отырғандар Қаңтардың артында Қайрат Құдайберген тұрмағанын жақсы біледі»

    «Ақордада отырғандар Қаңтардың артында Қайрат Құдайберген тұрмағанын жақсы біледі»

    «Айқап» подкастына сұхбат берген коммуникация саласының маманы, саяхатшы Әлішер Елікбаев қазіргі уақытта тергеу изоляторында отырған Қайрат Құдайберген туралы және оның ісіне қатысты кейбір жайтты айтты.

    «Бізге демалысқа Таиландқа ұшу керек болған. Кешкі сағат 10-да әуежайды басып алған екен. Жауып тастады. Біз үйге қайттық.

    Қайрат маған телефон соғып: «Тоқаевты қолдайықшы. Тоқаевқа қазір біздің қолдауымыз керек. Сағат түнгі 12-де сендерге интернет береді, сол кезде шығып айтыңдаршы», – деді. Болды, айтқан сөзі сол.

    Сосын оны қамап тастаған соң, мені прокуртураға шақырды. «Міне, сағат 10-да Қайрат сізге телефон соқты. Не туралы сөйлестіңдер?», – деп сұрады. Айтқанын сол қалпы жеткіздім. Мені бір рет қана шақырды, ал Бейбіт Әлібековті 5 ай шақырды. Телефонын, компьютерін алып алды. Қайратпен болып жатқан жағдай дұрыс емес деп ойлаймын. Қаңтарға қатысы бар адамдар анықталды. Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиев отыр. Оларды шығару керек. Ақордада отырғандар Қаңтардың артында кім тұрғанын біледі. Қайрат Құдайберген емес екенін жақсы біледі», – деді Әлішер Елікбаев подкастқа берген сұхбатында.

  • Әлішер Елікбаев сайлауда неге Қосановты қолдады?

    Әлішер Елікбаев сайлауда неге Қосановты қолдады?

    «Айқап» подкастына сұхбат берген коммуникация саласының маманы, саяхатшы Әлішер Елікбаев кәсіби жолы, қоғаммен байланыс саласындағы тәжірибесі, жарнама және әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану жолдары туралы кеңінен әңгімелепті.

    Оның айтуынша, блогерлермен серіктестік құруда сенімді қарым-қатынас орнатып, олардың аудиториясына дұрыс көзқараспен қарау аса маңызды.

    Әлішер Елікбаев президент сайлауы кезінде Әміржан Қосановқа жақтасқаны туралы айтты. «Көбі «Қосановты бәйгеге қосып жіберді. Сендер оған дауыс бермеңдер!» деді. Сосын мен «Бәрібір! Оған дауыс берсек, олар қарсы тарап бар екенін біледі, сенеді», – деп Қосановқа дауыс берейік», – дедім. Саясатпен жұмыс істемеймін. Бірақ өзімнің пікірім бар, соны білдіруге тырысамын», – деді Әлішер Елікбаев.