Метка: алкоголь
-

Қазақстанда 20:00 кейін алкоголь сату тыйылуы мүмкін
Қазақстан Халықтық партиясының депутаттары Үкіметке алкоголь өнімдерін сатуға бақылауды күшейту туралы ұсыныс жасаған. Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша, көптеген ауыр қылмыстар алкоголь ішкен күйде жасалады, оның ішінде кәмелетке толмағандар қатысқан жағдайлар да бар, деп хабарлайды Sona.kz Syrdaria.kz-ке сілтеме жасап.Партия алкоголь тым қолжетімді деп санайды. Ұсыныстар арасында балалар мен білім беру мекемелерінің жанында алкоголь сатуға тыйым салу, сауда нүктелерінің санын қысқарту, алкогольге міндетті цифрлық таңбалау енгізу.Сонымен қатар депутаттар:•дүкендерде 20:00 кейін алкоголь сатуға тыйым салуды;•кафе мен мейрамханаларда 22:00 кейін сатуға тыйым салуды;•онлайн сатуын толық тыйым салуды ұсынады.Сонымен бірге балалар мен жастар арасында алкоголизмнің алдын алу бағдарламасын әзірлеу қарастырылып отыр. -

Қазақстан «ішкіштер» елі ме?
Әрбір отбасы орташа есеппен 5,5 мың теңгесін алкогольдік сусындарға жұмсайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,1% көп екен.
Energyprom мәліметтеріне сүйенсек, алкогольге ең көп ақша жұмсайтын аймақтар арасында Шығыс Қазақстан облысы көш басында екен. Өңір тұрғындары 9,5 мың теңге жұмсаған, бұл жыл басымен салыстырғанда 14,8% артық. Үштікке Павлодар облысы мен Алматы кіреді.
Әлемдік контексте Қазақстан жан басына шаққанда алкоголь тұтыну бойынша 100-орында. Яғни, жылына 5 литр. Бұл тізімде Латвия, Молдова және Германия алдыңғы қатарда, онда көрсеткіш жылына 13 литрге дейін жетеді.
Бір қызығы, Қытай алкоголь өндірісінен түскен кірістер бойынша көшбасшы болып отыр (336 миллиард АҚШ доллары). Бірақ адам басына шаққанда алкоголь тұтыну бойынша 87-орында, яғни жылына 6 литр.