Метка: Алмас Кішкенбаев

  • Әнші Алмас Кішкенбаев бостандыққа шықты

    Әнші Алмас Кішкенбаев бостандыққа шықты

    Ол ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулікке қамалды. Сотта оқиғаның мән-жайы есінде жоқ екенін айтқан Алмас Кішкенбаев бүгін кешкі сағат 18:00-де изолятордан шықты. Әнші журналистердің сұрақтарына жауап беруден бас тартты.

  • Алмас Кішкенбаевқа сот үкімі шықты

    Алмас Кішкенбаевқа сот үкімі шықты

    Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық түрде Алмас Кішкенбаевқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

    ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзатын жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiскені үшін жауапкершілік қарастырылған.

    «Сотпен К.-ның мас күйінде бола тұра, осындай әрекеттерді жасағаны анықталды. Сотта К., оқиғаның мән-жайы есінде жоқ екенін түсіндірді. 434-баптың 1-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 күннен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілікті қарастырады. Жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ. Сонымен қатар, жауаптылықты ауырлататын мән-жай мас күйінде құқық бұзушылық жасау болып анықталды. Жоғарыда айтылғандардың негізінде К.-ға ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды», – делінген Алматы соттары тартқан мәліметте. 

    Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

  • Алмас Кішкенбаев өзіне айып таққандарға жауап берді

    Алмас Кішкенбаев өзіне айып таққандарға жауап берді

    Әнші Алмас Кішкенбаев өзіне қатысты ақпаратты жоққа шығарып, телеарналарды кінәлады.

    Журналист Михаил Козачков өзінің Telegram арнасында 40 жас шамасындағы ер адам сыраға тапсырыс беріп, ішімдікті жеткізген 17 жастағы курьерге тиіскенін және ол адамның аты Алмас Кішкенбаев екенін жазған болатын.

    Полиция департаменті мұны жоққа шығармады. Алайда әнші бұл іске өзінің қатысы жоқ екенін айтты.

    Ашуланып отырмын. Ешкім қарамайтын сапасыз арналарға түрлісін шығарады. Оны халық көрмейді, олар инстаграмдағы анонсты көреді де, қорытынды шығарады. Мені кінәлап тастайды. Қайдағы біреу, қайдағы біреу демей-ақ қояйын, ол да адам баласы. Бірақ мен оны мүлдем танымаймын. Неге мен мүлдем танымайтын адаммен байланыстырады? деп ашуланды әнші.

  • Әнші Алмас Кішкенбаев полицияға жеткізілді

    Әнші Алмас Кішкенбаев полицияға жеткізілді

    Белгілі қазақстандық әнші Алмас Кішкенбаевқа 17 жастағы балаға қол жүгіртті деген айып тағылып жатыр.

    Кеше түнде құқық қорғау органдарына курьер болып жұмыс істейтін кәмелетке толмаған баланың әкесінен арыз түскен.

    «Кешкі 21:00 шамасында курьер жігіт бір мекен-жайға үш бөтелке сыраны жеткізуге тапсырыс алған. Ол тауарды дүкеннен алып, тапсырыс берушіге апарады. Содан кейін түсініксіз жағдай болған. 17 жастағы жасөспірімнің айтуынша, 40-қа таяған ер адам сыраны бірге ішуді ұсынған.

    Сол кезде ер адам 11-сынып оқушысын жыныс мүшесінен ұстап алған. Курьер бала үйіне барған соң әкесіне бәрін айтып береді. Арызда келтірілген уәждерді тексеру аясында полиция қызметкерлері сыраға тапсырыс берген ер адамның пәтеріне барып, оны полиция бөлімшесіне жеткізген. Күдікті – Алмас Кішкенбаев», – деп жазды журналист.

    Алматының полиция департаменті бұл дерек бойынша тексеріс жүріп жатқанын, күдікті К. есімді азамат полицияға жеткізілгенін айтты.